- 15 қар. 2015 00:00
- 220
Жарамдық мерзімі ұзартылған өнімдер
Ғалымдар кейбір азық түрлерінің жарамдық мерзімін ұзарту мақсатында қолданылатын сәулелендіру технологиясын зерттеді. Көбіне ет және ет өнімдері және дәмдеуіштерде қолданылатын сәулелендіру технологиясының зияндары зерттеліп, сәулелендірілген азықтармен қоректенген жануарлардың ДНК-лары және төлдеу (көбею) жүйелері елеулі түрде зиян көріп, бірнешеуі өлді.
Жеміс жәндігі деп білінетін және гендік тізбектері адамдардікіне ұқсап келетін дрозофилдердің қоректері 25, 50 және 100 килогрэй (kGY) мөлшерінде сәулелендірілді. Ғалымдар 3 топқа бөлінген жәндіктерді осы қоректермен азықтандырды. Ал басқа бір топқа сәулелендірілмеген азықтар берілді.
Зерттеу нәтижесінде 3 маңызды айырмашылық анықталды:
1) Реңі сарғыш болған жәндіктер қарайып кетті.
2) Жәндіктердің саны едәуір түрде азайды. Сәулеленген азықтармен қоректенген жәндіктердің 70 пайызы өлді.
3) Төлдеу (көбею) үрдісінің бәсеңдеуі, кешігуі анықталды.
Сәулелендіруден өтпеген азықтармен қоректенген жәндіктердің санында, түсінде ешқандай өзгеріс байқалмады. Сәулелендіру үрдісі азықтардың генетикасын өзгеріске ұшырататыны анықталды. Көптеген елдерде шамамен 60-65 азық түрінде сәулелендіру үрдісі қарқынды түрде орын алуда. Ең баста дәмдеуіштер, шай, дәнді-дақылдар секілді өсімдік өнімдерінде және тоңдырылған ет және ет өнімдері және балықта кең ауқымда қолданылып жатқан бұл әдіс қатерлі ісіктерге жол ашуда.