Жарқыра жалындай түс, Көгілдір от!
Авторлық жұмыс
Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.
Н. Назарбаев.
«Жарқыра жалындай түс, Көгілдір от!»
/11 сынып оқушыларына арналған мерекелік кеш /
Зал мерекеге сәйкес безендірілген. Ортада шырша жанында үлкен жана жылдық торт орналастырылған. Мұғалімдерге, қазылар алқасына қатысушы жұптарға және барлық 11сынып оқушыларына арнап жасалған мерекелік столдар.
Оқушылар жаңа жылдық ән айтып, шыршаны айналып, жүргізушілерді қоршап дөңгеленіп тұрады. Музыка фонында ортаға екі - екіден төрт жүргізуші шығады.
Айдос, Әсем
Ерқанат, Гүлбазар
Айдос: Қыс келді – ең керемет ғажап кезең,
Аппақ қар, мұз жамылып алды өзен
Айнала, пәк табиғат - неткен ғажап
Бұл кезде қуанышқа толы сезім
Әсем: Айдос, өзің нәзік жанды лирик ақын екенсің ғой, неткен керемет шабытқа толы сөздер!
Ерқанат: Таң қалатын несі бар, Әсем, бүгінгі мерекені сездіретін шабылу, әсем әуен, ғажап әрі әдемі қыздар, шыршаның иісімен араласқан әсем қыздардың әтір иісі кез келген жігіттің басын айналдырып, шабытын оятып, еріксіз ақын қылып жібереді.
Мысалы: оған дәлел мына тап жаңа ғана шығарған менің өлеңім:
Қар жауғанда – қыздарды қуған кезең,
Беттерін ұстап алып жуған кезең
Қап - қара қыздар еді кеше ғана
Аппақ болып кетіпсіңдер сендер неден?!
Гүлбазар: Тоқта Қолғанат, сонда сенің ойыңша сендер бізді қарға шомылдырмағанда біз қара қыз болып қала береді екенбіз ғой?
Әсем: Мүмкін біз жігіттерге рахмет айтуымыз керек шығар?
Сендер біздерді қарға жуындырмағанда біз бүгін әдемі болмас едік пе сонда?
Ерқанат: Ту, қыздар « қуған едік жуған едік»деп ұйқасқан өлеңім ғой солай шыққан
Әсем: Шығып кетке шабыттарың осы болса, біздің де ақындық өнеріміз ешкімнен кем емес!
Ең алғашқы Жасыл шырша есімде,
Біріншіні біздер оқып жүргенде.
«Жігіт» біткен қорқып қашып едіңдер,
Аяз – ата бізге кіріп келгенде.
Ерқанат: Кек алғандарыңа болайын, сонау бастауыш кезді әлі ұмытпаған екенсіңдер. Еске ала бастасақ...
Айдос: Қыздар осы әңгіме неден басталып еді?
Менің қыс туралы толғауымнан ба? Айтпақшы, жарыссөзді тоқтатайық, қонақтардың барлығы жиналып болды ау деймін, бүгінгі мерекелік кешті бастайтын уақыт келді - ау деймін
Ерқанат: Ендеше іске сәт достар!
«Жарқыра жалындай түс, Көгілдір от!»
/11 сынып оқушыларына арналған мерекелік кеш/
Ерқанат: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
Гүлбазар: Бармысыздар, бауырлар, шабытты шәкірттер
Әсем: Есен амансыздар ма қадірменді құрдастар, кластас достар!
Айдос: Ассалаумағалейкум дейміз біз барша жиылған тілектес дос - жаранға!
Гулбазар: Көк шыршаға шамнан алқа тағайын,
Қуанышқа толтырайын маңайын.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Әсем: Осы кеште жұлдыз болып жанайын
Қайраң қалып тамсанарсың талайың
Бар балаға нұр, қуаныш әкелген
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
Айдос: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
Ерқанат: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға қолдау биі мен “Сырғалым” тобы/
Гүлбазар: Құрметті жамағат “Жақсы сөз - жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, №24 қазақ орта мектебінің директоры Өтепбергенов Ерлан ағайымызға береміз.
Әсем: Құрметті Ерлан ағай, Сіздің құрметіңізге сонау Ресейден Сиқыр әлемінің майталманы ұлы көзбояушы Нұрбол Демесінтегін шақырғанбыз!. Оның керемет фокустерін қабыл алыңыз!
Гүлбазар: Көп күттірдің сағынышты, Жаңа жылым!
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Тышқан жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Айдос: Мерекелі кешіміздің қадірменді қонақтары! Бүгін сүйікті де қадірлі алғашқы ұстаздарымыз ыстық ықыласымен жүрекжарды тілегіменен біздің кешімізге ақ ниеттерін арқалап келіп отыр.
Шыдамсыздана Өздеріңіздің асыл әрі сағынышты сөздеріңізді есітуге асығудамыз, құрметті алғашқы ұстаздарымыз! Ранай апай, Шаһар апай сөз өздеріңізде.
Шаһар апайларына -
Сүйікті ең алғашқы ұстазымыз
Өзіңізбен өтті талай қыс жазымыз
Ең алғашқы әріпті танытқан жан
Шаһар апай шәкірттерге сөз бастаңыз
Ранай апайға -
Бала жанын баураған жан, берген білім,
Ең алғашқы өзіңізден алдық ілім
Ең сүйікті ұстазымыз Ранай апай
Ең алғашқы сепкен бізге білім нұрын
Ерқанат: Ыстық лебіздеріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңіздің құрметтеріңізге Сүйікті алғашқы ұстаздар
«Ұстазым» әнін Әсемнің орындауында қабыл алыңыздар!
Айдос: Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Әйгерімнің ” Қош келдің Жаңа жыл” атты әсем әнін есіткенде олар бізге қарай жолды адаспай тауып алады деп сенеміз!
Әсем: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар!
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің
орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Қазанбай Ғалия Тілектесқызы
Толық нұсқасын жүктеу