Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз рөлі

Еліміздің қоғамдық — экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару — мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Бала кезімнен ұстаздыққа қызығушылық танытып, өсе келе арманға айналды. Жетекшімнің  біліктілігіне  қызыққан мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдадым. Осы жолда өскелең ұрпақтың дамуына үлесімді қосу міндетім деп білемін. Жеке тұлғаны даярлау үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп, болашаққа жетелеу керек. Жеке адамды қалыптастыру үшін не керек? Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз керек. Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне тән тұлғалық сапалары, мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік қарым-қатынасты қалыптастыруды ұстаздық міндетім деп білемін.  Ал, тұлғаның қалыптасуына қажетті басты құрал – тіл. Бүгінгі таңда оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, үштілді қатар меңгерту, сапалы білім беру , алдымда тұрған басты міндеттердің бірі.    Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуға диалогтің маңызы өте зор.  Диалогтік оқыту мұғалім - оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы деп білемін. Сабақ  барысында диалогтік оқытуды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне, сөйлеу тілінің дамуына орасан зор үлес қосатыны сөзсіз. Соның ішінде қазақ тілі сабағында диалог әр сабақта кездесіп отырады.  Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді жан-жақты пайдаланып, отырамын. Шәкірттерімнің тіл меңгеруіне немқұрайлы қарамай, үштілдікті әр сабағымда диалогқа қосып қолданудамын. Әрбір ұстаздың басты мақсаты оқушысының жетістікке жетуі. Елбасымыздың жолдауында айтылғандай саналы, білімді ұрпақты дамытуда аянбай еңбек ету міндетіміз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-демекші жас ұрпақтың болашағы біздің қолымызда. Ұстаз жолында аянбай еңбек ету, міндетім деп білемін.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама