- 04 жел. 2022 00:00
- 193
"Жаужүрек мың бала" фильмі
Жоңғар шапқыншылығы кезінде ата- бабамыздың азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан қанмен жазылған тарихы " Жаужүрек мың бала" фильмінде толығымен көрініс тапқан. Есімін тек тарихи жырлар мен аңыздарда ғана естіп өскен ержүрек батыр Сартайдың өмірі туралы осы фильмнен білдік. Сартай батырдың әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауырларымен жетім қалдыруы, оның кек алу мақсатында ержетуі, достық пен сатқындық та осы фильмде көрінеді. XVIII ғасырдағы басты оқиғада қазақ жастары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, жанкештілікпен жеңіске жетіп отырды.
Патриоттық фильм кез келген көрерменін көргеннен өзіне баурап алады. Себебі, қарапайымдылық, шынайылық және 99 пайыз өз еліміздің мамандары мен актерлері жұмыс жасап, сапалы дүние шыққаны байқалады. Сонымен қатар, жас актерлердің келісті келбеті, сәнді киімдері өте жарасымды.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының рухты бейнесін, олардың жаужүрек, көзсіз батырлықтарын бір деммен көріп, еріксіз көзіңе жас үйіріледі. Қазағымның осындай батырларының махаббатқа адалдығы, достыққа беріктігі, сатқындық пен жауыздықты кешірмеуі, бәрі- бәрі қазіргі жастарға үлгі болуы тиіс. Қазіргі замандастарым, жасыратыны жоқ, кішкене қиыншылыққа сынып, шыдамай жататындары бар. Осындай ойға шомылтып, адамды бір сілкінтіп алар, тәубеге түсірер, қазақ деген халықты әлемге танытқан осындай Отандық кинолардың барына қуанымын. Қазақ екеніме тағы да мақтанамын.
Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Ербай Медина Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова