Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
Жавохир Синдаровтың әжесі Бибисара Асаубаевамен үйлену тойы туралы қауесетке нүкте қойды

Жас шахматшылар Жавохир Синдаров пен Бибисара Асаубаеваның үйлену тойы туралы қауесеттерге нүкте қойылды. Өзбекстандық гроссмейстердің әжесі немересі мен қазақстандық шахматшы қыздың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Достықтан басқа ештеңе жоқ

Екі жас спортшының да жоғары жетістіктеріне қарамастан, жанкүйерлердің назары соңғы кездері олардың жеке өміріне аударылып жүр. Мұндай пікірталасқа Бибисара Асаубаеваның әлеуметтік желіде Синдаровты «менің чемпионыма» деп, жүрек эмодзиімен құттықтауы себеп болды.

Жағдайға қатысты пікір білдірген спортшының әжесі, олардың Асаубаевамен бала кезінен таныс екенін атап өтті:

«Әзірге олар дос. Алдын ала ештеңе айту қиын. Біз Бибисараны жас кезінен білеміз, жиі көрісіп тұратынбыз, бірге шахмат ойнайтын. Қазір олар дос. Алда не болатынын білмейміз. Егер бір күні ол: «Маған осы қыз ұнайды, мен оны жақсы көремін» десе, біз оның таңдауын құптаймыз», - деді ол zamin.uz порталына берген сұхбатында.

Турнирдегі жетістіктер

Спортшылардың арасындағы қарым-қатынасқа деген қызығушылық, олардың Кипрдің Пафос қаласында өткен «Үміткерлер турнирі – 2026» байқауындағы тамаша ойындарынан кейін артты.

Жавохир Синдаров ерлер арасындағы турнирде тарихи жетістікке жетті. Өзбекстандық 20 жастағы гроссмейстер жарыста бірде-бір рет жеңілмей, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс оған әлем чемпионы атағы үшін қазіргі иегер Гукеш Доммараджумен кездесуге жолдама берді.

Ал әйелдер арасындағы турнирде Бибисара Асаубаева Қазақстан тарихындағы үздік нәтижені көрсетті. Гроссмейстер жарыс бойы көш бастап, ақыры үндістандық шахматшы Вайшали Рамешбабудан небәрі жарты ұпайға қалып, екінші орынға ие болды.

Дәл осы Пафоста Асаубаева Синдаровты жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтап, берген сұхбатында оны мақтан тұтатынын және оның жетістігінің лайықты екенін айтты.

Спортшылар туралы

Бибисара Асаубаева – екі дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы гроссмейстер. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы.

Жавохир Синдаров – тарихтағы ең жас гроссмейстерлердің бірі (12 жасында нормативті орындаған). Өзбекстан құрамасы сапында шахматтан әлемдік олимпиаданың жеңімпазы.

Жаңалықтар

Жарнама