Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 24 нау. 2026 11:30
- 26
Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатты: «Ененің ұзатқаны дұрыс емес» деген пікірлерге жауап берді
Танымал әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, дәстүрлі емес әрекетімен көпшілікті таң қалдырды. Бұл жайында әншінің өзі әлеуметтік желіде бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, құдағиы Лиза «өзіңіз әніңізбен алып кеткеніңізді қалап тұрмыз» деген өтінішін орындап, келінін өз шаңырағына алып келген.
Дәстүрлі емес әрекетке қатысты пікірлер
Байырбекованың бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік мұны естімеген жайт екенін айтып, әншінің шешімін әртүрлі бағалады. Кейбір пікірлерде «Енесі емес, қазақ эстрадасының жұлдызы ұзатты» делінсе, енді бірі «Енесі ұзатқаны дұрыс емес» деген пікірді алға тартты.
Жазира Байырбекова бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, «Аллаға шүкір! Бүгін келінімізді аман-есен өз шаңырағымызға түсірдік! Тілектеріңізге рахмет», деп жазды.
-
Узнайте, какие категории пенсионеров в Казахстане имеют право на бесплатные или льготные путевки в санатории и какие условия необходимо соблюсти.
-
Renowned singer Zhazira Bairbekova surprised many by personally escorting her daughter-in-law to her new home, defying traditional customs and sparking online discussion.