- 11 ақп. 2016 00:00
- 291
Жыландар жайлы қызықты деректер
Жыландар қаншама құпия жасырып жатқанын елестете де алмайсыз. Одан қорқатындар көп болған соң бұл рептилияны зерттеушілер аз. Осы мақала арқылы сырлы жануар жайлы біршама мағлұмат ала алсыз.
Түр-сипаты сұр жыланған ұқсас африкалық сужылан жұмыртқа жегенді ұнатады және түр-сипатына орай жабайы табиғатта еркін өмір сүреді. Сужылан басынан 5 есе үлкен жұмыртқаларды оңай жұтып алады.
Өліп қалған сыңай танытатын әбжіландардың түрі бар. Бұл мүмкіндіктерін олар сирек пайдаланады, тек қарсыласын қарапайым тәсілдермен жеңе алмай жатқанда ғана. Өліп қалғандай сыңай таныту үшін әбжілан арқасымен жата қалып, аузын ашады да, шіріп кеткен сияқты жағымсыз иіс шығара бастайды. Сондықтан қарсыласы оны өлдіге санап кетіп қалады.
Жыландардың басында температураны қадағалайтын тетік бар, бұл оларға қараңғыда көруге мүмкіндік береді. Тетік бастағы кішкентай ойыққа ұқсас.
Шамамен 300 жұп қабырғасы бар, және ішкі мүшелері бірінен кейін бірі орналасқан жылан түрлері бар, ал ең қызығы, олардың оң өкпесі сол өкпесінен кішірек. Бұл жануарлардың жүрегі денесінде жылжып жүреді. Жылан тағамды дұрыс қорыта алу үшін табиғат әдейі солай жаратқан.
Құрамы әртүрлі болып келетін күрделі зат – бұл жылан уы. Кейбір у жүрекке қауіпті, кейбірі жүйкеге, ал үшіншісі ДНҚ-ны жарып жібереді.