Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 04 нау. 2026 01:00
- 29
Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс тойындағы сыйлықтарын көрсетті: «Аттары дардай, әкелгендері қылдай» деген пікірлерге жауап берді
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жақында өткен қоныс тойында қонақтар сыйлаған заттарды көрсетті. Алайда, желідегі кейбір пікірлер оның көңіліне тиген сыңайлы.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыйлықтарды көрсетті
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында «қонақ келсе – құт келер» деген сөздермен жазба жариялап, тойға келгендердің сыйлаған заттарын көрсетті. Желі қолданушыларының көбі актрисаны жаңа үйімен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.
Сынға іліккен сыйлықтар
Алайда, пікір қалдырушылар арасында сын айтқандар да табылды. Кейбірі актрисаны Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сияқты танымал тұлғалармен салыстырып, оларға брендтік заттар сыйланатынын айтты. Ал енді бірі «Аттары дардай, әкелгендері қылдай» немесе «Осындай ұсақ-түйек зат та әкеледі екен-ау» деп, сыни көзқарасын білдірді.
Қарапайымдылықты құптады
Дегенмен, көпшілік Жұлдыз Әбдікәрімованың қарапайымдылығын жоғары бағалап, оның жаңа үйінің құтты болуын тіледі.