- 01 қаз. 2021 00:00
- 201
Жұпар
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Жайық өзенінің жайылмасында, Еділдің атырауы мен Үй, Тобыл, Обаған және Тоғызақ өзендерінің жайылмаларында кездеседі, су өсімдіктеріне бай жайылма көлдер, ескі арналар, өзектер мен жылғаларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны – 2,5-3,0 мыңдай; санының азаюының негізгі сөбептері — жайылма жерлерді құрғату, үлкен тасқындар, қасақылық (браконьерлік). Жайық өзенінің жайылмасындағы екі қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасында қорық және Қостанай облысында Тобыл-Үй қорықшасын ұйымдастыру қажет.