Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жиендік

Мақаш Орынборда оқып жүрген кезінде ауылына келіп жасы тоқсаннан асқан қарт нағашысына сәлемдеспекші болыпбарады. Көзі көруден, құлағы естуден қалған қарияға жиендігін көрсетпекші болған Мақаш өзін танытпай:

— Мен бір жолаушы жігіт едім, сізден сұрақ қоюға бола ма? — депті. Сонда қария «қойғын» десе керек.

— Дүниеде не терең, ақсақал?

— Ғылым. Оған тең келер ештеңе жоқ.

— Алыстан не жақын екен?

— Жиен! Ей, осы сен Мақаш емессің бе? — депті нағашысы, оның қойған сауалынан танып қойыпты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама