aikyn.kz
- 11 сәу. 2026 09:31
- 37
Кәмшат Жолдыбаеваның отбасы жағдайына байланысты өнерден қол үзуі жұртшылықты таң қалдырды
Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның соңғы кездері сахнадан көрінбей кеткені көпшіліктің назарын аударды. Жақында ғана ана атанған өнер иесі бұл жағдайдың себебін өзі түсіндіріп берді. Ол қазіргі уақытта отбасына көбірек көңіл бөліп, психология саласына қызығушылық танытып жүргенін жасырмады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасы – басты назарда
Кәмшат Жолдыбаева өзінің ана болуына байланысты туындаған кейбір түсініспеушіліктерге нүкте қойды. Ол «кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппайды» деген сөздің өзіне қатысты екенін айтып, көпшіліктің ойлағанындай, күйеуінің тыйымына байланысты емес екенін жеткізді. Әншінің айтуынша, келін болып түскеннен кейін ол психологияны зерттей бастаған.
«Мен қазір біреудің әйелімін, анасымын, келінімін», - деп отбасылық рөлдерін атап өтті әнші.
Желідегі пікірлер
Әншінің соңғы кездегі сырт келбеті мен ойлары желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілігі оның бұрынғыдан әлдеқайда әдемі болып кеткенін, ажарланғанын атап өтті. Алайда, кейбір пікірлерде оның сөйлеу мәнері мен сөздік қорының аздығы сынға алынды.
«Сөйлеуді ұмытып қалыпты», «Тіл байлығы аздау екен», «Танымай қалдым, бұрынғыдан сұлу болып кетіпсің», «Кәмшат қызымыз тұрмысқа шығып, ана болғалы әдемі болып, ажарланып кетіпті», «Қатты өзгеріп кетіпті» деген сияқты пікірлер желіде көптеп жазылды.