Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Кел, болашақ
Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім,
Үміт еттім ұмтылдым, көп терледім.
Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ,
Көрмеген күндерімді өткер менің.
Сапалақ сан ой мені мезі қылды,
Сен түйсін, түйсінбеген сезімімді.
Атан жортса арқамнан мыңқ етпеген,
Айыптасаң өзің біл төзімімді.
Жыр жорығына аттандым, кезіп жүрдім,
Мен бір сәт дамылдадым, көзімді ілдім.
Жазылмаған жырымды жалғайсың ба?
Жаңа жыр бастайсың ба, өзің білгін.
Жөн болмас, сірә, емірмен ұстасқаным,
Бір ғұмыр дүниенің құшпас бәрін.
Күнің шығып келеді, ей, Болашақ!
Бесінге ауып барады түскі аспаным...
Өмір - мәңгі, уақыт - мүмкін, елес,
Кел, Болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш!
Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,
Екі күннің тұруы мүмкін емес!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама