Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Келді міне Алтын күз! ертеңгілік
Келді міне Алтын күз!» ертеңгілік.
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.
Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл - күйлерін көтеру.
Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.
(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Би: Жапырақтар

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Келді міне Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Қонақтардың көңіл - күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Ән: Алтын күз
Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
Күз айларын ортаға шақырайық. (Қыркүйек, қазан, қараша)
Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін
Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

Ойын: « Өз ағашынды тап!»
Шарты: Шашылған жапырады теріп алып, өз ағаштарының қасына тез барып тұру.
Бағбаншы: кіреді.
Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы: Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді қазір өздерін таныстырсың.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар

Таир: Өрік
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Менің атым өрік.
Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Картоп
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
шағын орталық«Балбөбек» тәрбиешісі Мусургепова Г.
Келді міне Алтын күз! ертеңгілік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама