- 18 мам. 2017 00:00
- 253
Кембридж бағдарламасы бойынша неміс тілі сабағын өткізу жолдары
Қәзіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттеп отыр.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Оларды неміс тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Неміс тіліне үйрену өте күрделі және жеке үдеріс. Бұл жолда адам көп еңбектеніп маңдай терін төксе ғана қандай да бір жетістікке жетеді. Әрине, оқушының тілдік дағдыларды меңгеру сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Ал Кембридж бағдарламасы ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағы қазіргі заман талабына сай әр қилы өзгеріске ұшырап отыруы тиіс. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты егер де неміс тілі мұғалімі оқушының қызығушылығын арттыра алмаса берген грамматикалық білім еш нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Жаңа технология түрлерін неміс тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының тілдік қабілетінің дамуына, алған грамматикалық білімінің негізінде неміс тілінде сөйлей білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдерде іске асады:
І кезең: оқып-үйрену (неміс тілінің грамматикасымен, сөздік қоры және оқылым дағдыларымен танысу);
ІІ кезең: меңгеру (оқушылардың алған тілдік білімдерін есте сақтап, өзгелерге түсіндіріп бере алу қабілеті);
ІІІ кезең: өмірге ендіру (балалардың неміс тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізе алуы);
IV кезең: дамыту (оқушылардың қосымша ізденіп, өздерінің неміс тілін меңгеру деңгейін жоғарылатуға күш салуы).
Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше неміс тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.