Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Кері тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар.
Сабақ мақсаты: Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: жеке, жұппен, топпен жұмыс
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сұхбат, оқулықпен жұмыс, ой түрткі
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, постерлер, маркерлер, бағалау парағы, оқулық «Алгебра және анализ бастамалары. 10 сынып; А. Абылкасымова, К. Шойынбеков, В. Корчевский, З. Жумагулова;.- Алматы: Мектеп, 2010»
Нәтижесі: Кері тригонометриялық функциялар ұғымын, қасиеттерін біледі
• Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін айыра біледі, алгоритм бойынша сала алады
• Кері тригонометриялық функцияларды ажырата алады
• топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластықта болады, жұмыс істеу дағдылары қалыптасады
Міндеттері:
• Таблица арқылы кері тригонометриялық функциялардың мәндерін таба алады.
• кері тригонометриялық функция туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, оның мәндерін есептер шығаруға қолдана алады.
• Математикалық тілді пайдаланып жоғары деңгейлі сұрақтар қою, талқылау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
• өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу жəне жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамытуға жағдай жасау
Табыс критерилері:
• Кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін білгім келеді
• Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін айыра білуім керек
• Тригонометриялық функцияларды ажырата аламын
• Тригонометриялық функциялардың графиктерін алгоритм бойынша сала аламын
• Өмірмен байланысына мысал келтіремін.

Кері тригонометриялық функциялар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама