Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 53 минут бұрын)
Кім жүйрік?
Математика
Тақырыбы: Кім жүйрік? (жарыс - ойын сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жеңімпаз озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың өту әдісі: Көрнекілікті, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Сызбалар, сұрақтар жинағы, жұмбақтар, логикалық есептер.

Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сынып оқушыларын 3 - топқа бөліп, сабақтың барысын таныстыру.
Топтар жарыса отырып, топтағы жүйрікті анықтау.
І тур. Бәйге: ауызша сұрақтарға жауап беріледі.
ІІ тур. Есептер шығару.
ІІІ тур. Жұмбақтар әлеміне саяхат. Құрамында сан есімі бар сөздерден жұмбақтар шешу.
ІV. Білімпаз. Плакаттардағы тапсырмаларды орындау.
V. Үндемес ойыны: Көбейту кестесі бойынша.
VІ. Математикалық диктант.
VІІ. Логикалық ойлауға арналған сұрақтар.
VІІІ. Танымдық сұрақтар.
ІХ. Қорытындылау. Жақсы жауап берген топты атау.
Жүйрік болған оқушыны мадақтау

І. тур. Бәйге: ауызша сұрақтарға жауап беріледі:
а) 1 м - де неше см бар?
ә) 1 тәулікте неше сағат бар?
б) 1 кг - да неше грамм бар?
в) Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
г) Фигураның ауданын қалай табамыз?
ғ) Қашықтықты қалай табамыз?
д) Ең үлкен төрт таңбалы санды ата
ж) Санды о - ге көбейткенде не шығады?
з) Санды 1 - ге көбейткенде не шығады?
и) 1кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
қ) Санды 1 - ге бөлгенде не шығады?

ІІ тур. Есептер шығару.
1 - топ
31608*5=158040
84637: 7=12091
32064: 8=4008

2 - топ
34000*7=288000
1584: 9=176
27509*3=82527

3 - топ
44382: 6=7397
7006*9=63054
60024: 6=1004

ІІІ тур. Жұмбақтар шешу.
1. 2 аяқпен кезек - кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп)

2. Ағайынды 5 туыс
Жамылатын тоны бар.
Сырттан кірер жолы бар (қолғап)

3. Сақталады 6 - ай жаз,
Сандықтағы сары аяз (тоңазытқыш)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама