Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көмірсулар. Глюкоза
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар. Глюкоза.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды көмірсулар, оның өкілі глюкоза құрамын, құрылысын, алынуын сипаттай білуге баулу;
- Оқушылардың ой - өрісін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жаңа түсініктер беру, танымдық қызығушылығын дамыту;
- Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, бағалауға және уақытты үнемдей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері болжау, мағынаны түсіну, Венн диаграммасы. Алгоритм жүйесі.
Пән аралық байланыс: биология, әдебиет.
Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ҰБТ кітапшалары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылардың сабаққа дайындығы.
2. Өзін - өзі бағалау парағымен таныстыру.
ІІ. 1 - кезең. «Болжау».
Мақсаты: оқушыларды білімге белсендіру, қызығушылығын ояту, ой қозғау. «Болжау» стратегиясын қолданып, пән аралық байланыс арқылы негізгі тақырыпқа түсу.
Орманды анасындай аңдар сүйіп,
Қойнына мекендеген аңдар киік.
Тамаша табиғаттың сан байлығы
Тұр екен көкірегіне қалай сыйып? (М. Хакімжанова)

Жер бетіндегі тіршілік атаулының өзегі және қайнар көзі болып саналатын өсімдіктер әлемі аса алуан түрлі және нағыз әсем дүние нәзіктік, әсемдік ұғымдарының өсімдіктерге, гүлдерге теңелетіндігі жасыл өсімдіктердің әдемілігіне сүйсінуден туған болар. Міне, осы секілді әсемдікпен қоса, өсімдіктер әлемі тағы да көптеген химияға, тіршілікке байланысты маңызды үрдістерді жүзеге асырады.
- Ол қандай үрдіс? (болжам жасалады, оқушылар жауабы)
Энергия түзуші — Өсімдіктер жанды зертхана — оттегі түзуші

Органикалық қосылыстар түзуші (слайд 4)
- Бүкіл ғаламшарымыздағы тірі организмге қажетті өнімдерді түзе алатын қандай заттар? (болжам жасау), ( өсімдіктер)
- Ненің көмегімен? (күн сәулесі энергиясының көмегімен)
- Өсімдіктердің жапырағында жүретін «күрделі ұлы синтезді» жапырақ құрамындағы қандай зат атқарады. Бұл синтездік үрдісті қалай деп атаймыз? (Болжам жасау). (хлорофилл, фотосинтез)
Осы процестің жалпы стехеометриялық теңдеуін жазу (оқушы)

Көмірсулар. Глюкоза. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама