Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері
І Сабақтың тақырыбы: §23. Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері.
§24. Көмір қышқылы және карбонаттар. Көміртектің табиғаттағы айналымы.
ІІ Сабақтың мақсаты: Оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері, қолданылуы жайлы алған білімді қорытындылап, оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептері айтылады.
Көмір қышқылын басқа бейорганикалық қышқылдармен салыстыру, карбонаттардың басқа тұздардан ерекшелігі сөз болады.
Көміртектің табиғаттағы айналымы туралы түсінік беру.
ІІІ Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өздік жұмыс
Көрнекілік: құралдар мен реактивтер: “Карбонаттар” жинақтамасы, қатты ас содасы, әктас, конц. НCl, газ алатын қарапайым құрал, сынауықтар, әк суы Са(ОН) 2. Электронды оқулық, слайдтар, интерактивті тақта.
IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу;
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. (сұрақ - жауап)
1. Кім көп біледі?
1. С - ң химиялық таңбасы. (С, оқылуы Це)
2. № 6.
3. Ar нешеге тең? (12)
4. П. ж. о? (2п, 4 топ, А)
5. С табиғатта қандай түрінде кездеседі? (Бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі)
6. С - тің қандай аллотропиялық түр өзгерісін білесіздер? (алмаз, графит)
7. Алмаздың пішіні қандай? (тетраэдр)
8. Алмаздың физикалық қасиеті қандай? (өте қатты, мөлдір, т, электр тогын өткізбейді)
9. Алмазды қайда қолданады? (бұрғылар жасау, егеу, шыны кескіш, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат жасауда қолданады)
10. Графиттің пішіні қандай? (алтыбұрышты призма)
11. Графиттің физикалық қасиеті қандай? (жұмсақ, мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр зат, электр тогын жақсы өткізеді)
12. Графитті қайда қолданады? (қарындаштың өзегін жасауға, электр тогын өткізетіндіктен электродтар жасауға және техникада “құрғақ май” ретінде қолданылады)
13. Адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданғанда қандай дәрі қолданылады? (карболен)
14. С - тің химиялық қасиеттері қандай? (реакция теңдеулерін тақтаға жазу)
15. Адсорбция деген не?
Қорытындылауда үйге берілген тапсырмаларды тексеру.

Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама