Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Конус. Қиық конус
Конус. Қиық конус.

1. Қиық конустың табан радиусі 10см және 4см, ал биіктігі 8см. Қиық конустың жасаушысын табыңдар.
2. Конустың жасаушысы 5см, табанының радиусі 4см. Толық бетінің ауданың табыңдар.
3. Қандай фигураны айналдырса конус шығады?
а) Дөңгелекті диаметрі арқылы айналдырғанда
б) Тік төртбұрышты диагональі арқылы айналдырғанда.
в) Тік бұрышты үшбұрышты гипотенуза арқылы айналдырғанда.
г) Тең бүйірлі үшбұрышты бүйір қабырғасы арқылы айналдырғанда.
д) Тік бұрышты үшбұрышты катеті арқылы айналдырғанда.

4. Жасаушысы 10см, биіктігі 8см конустың көлемін табыңдар.
5. Конустың жасаушысы табан жазықтығына 〖30〗^0 бұрыш жасай көлбеген және 8см-ге тең.
Конустың осьтік қимасының ауданың табыңдар.
6. Конустың жасаушысы 13см, биіктігі 12см-ге тең. Конустың бүйір бетінің ауданың
табыңдар.
7. Конустың биіктігі 20см, табанының радиусі 15см. Бүйір бетінің ауданың табыңдар.
8. Қиық конус табанының диаметрі 3м және 6м, ал биіктігі 4м. Жасаушысын табыңдар.
9. Конустың жасаушысы 2√3см-ге тең, ал осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы 1200.
Конус табанының ауданың табыңдар.
10. Конус жасаушысы 5см және табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеуленген. Биіктігін
табыңдар.
11. Конустың жасаушысы 4см-ге тең және ол табан жазықтығына 300 бұрыш жасай көлбеген.
Конустың көлемін табыңдар.
12. Конустың биіктігі мен жасаушысының арасындағы бұрыш 300-қа тең. Конустың жасаушысы 12см-ге тең болса, көлемін табыңдар.
13. Конустың табанының радиусі 6см, ал биіктігі 8см. Конустың жасаушысын табыңдар.
14. Конустың табан радиусі 3м, ал жасаушысы 5м. Конустың биіктігін табыңдар.
15. Қиық конустың табандарының радиусі 12см және 9см, ал жасаушысы жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Биіктігін табыңдар.
16. Конустың биіктігі мен жасаушысының арасындағы бұрыш 300-қа тең. Конустың жасаушысы 12см-ге тең болса, көлемін табыңдар.
17. Конус табанының радиусі 5см, биіктігі 12см. Жасаушысының ұзындығын табыңдар.
18. Конустың осьтік қимасы – ауданы 16√3 см2 болатын үшбұрыш, ал бұрыштарының бірі 1200-ге тең. Конус табанының радиусын табыңдар.
19. Ұзындығы 10см болатын конус жасаушының табан жазықтығына көлбеулігі 300.
Табанының радиусын табыңдар.
20. Конустың биіктігі h, жасаушысының ұзындығы l. Конус табанының ауданы мен осьтік қимасының ауданын анықтаңдар.
21. Конустың жасаушысы 6см, ал жасаушы мен табан жазықтығы арасындағы бұрыш 600.
Конустың көлемін табыңдар.
22. Қиық конустың табан радиустарының қатынасы 1:3 қатынасына тең. Конустың жасаушысы 4см және ол табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Конустың көлемін
табыңдар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама