Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: § 15. Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Көшпелілер мәдениеті туралы балаларға жалпы түсінік беру
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Көшпелілер мәдениетімен білім беру, әлеуметтік саяси дамуын түсіндіру, көшпелі тайпалар – сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың көшпелілер мәдениеті туралы білімін дамыту, діни наным – сенімдері туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, Отан тарихына қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызба, суреттер, карта, кестені пайдалану.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, дінтану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Үй тапсырмасын сұрау
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: тірек – сызба арқылы
Мал шаруашылығының 3 түрі:
1. Ерекшеліктері
2. Таралған аймақтары
3. Деректер
Мемлекеттің пайда болуы Б. з. д 1 – мыңжылдық: рухани мәдениеттің дамуы, әлеуметтік теңсіздік, тайпа, тайпалы одақтар, әскери демократиялық басқару, отырықшы мал шаруашылығы, көшпелі мал шаруашылығы.
Мемлекеттер: Сақ, Үйсін, Қаңлы
Көшпелі халықтардың әскери жүйесі
Үй тапсырмасын бекіту.
Б. з. д. 3 мыңжылдықта малды қолға үйреткен. Б. з. д 2 – 1мыңжылдықта мал өсірумен қатар аздап болса да жер өңдеу кәсіпшілігі бірге жүрді. Б. з. д ХVІІ – ХІІ ғасырларда көшелі мал шаруашылығының үш түрі дамыды. Алғашқы мемлекеттер б. з. д 1 – мыңжылдықта пайда болды. Олар Сақ, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері. Тарихи, мәдени ескерткіштер туралы қытай, грек, парсы жазба деректерінен білеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Көшпелілердің материалдық мәдениеті.
2. Көшпелілердің рухани мәдениеті.
3. Жартылай көшпелілердің діни наным – сенімдері.
1. Б. з. д. VІІ ғасырдан б. з. V ғасыры аралығында Жетісу, Алтай өңірлерін мекендеген тайпалардың материалдық ескерткіштеріне тоқталар болса, қола дәуіріне қарағанда әлдеқайда жетілгенін көреміз. Өмірге темірдің енуі еңбек өнімділігін арттыруға үлкен үлес қосты.
Материалдық мәдениеті: Обалар, күмбездер, екі, төрт дөңгелекті арбалар, киіз үйлер, қолөнер және әшекей бұйымдар, киім-кешектер, жазба деректер.
Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық заттар ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының көшпелі өркениетінің мәдени дамуының толық дәлелі бола алады.
Рухани мәдениет дегеніміз не?
2. Сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының жерлеу әдет – ғұрыптарына қарағанда, о дүниелік өмір бар деп сеніп, өлгендердің ең қажетті деген бұйымдарын бірге жерлеген. Ежелгі дәуір және көне қытай, иран деректемелерінде ертедегі көшпелі халықтардың сиынатын басты Құдайы – күн болған. Отқа табыну осы Күнге табынудан келіп шыққан сияқты. Діни наным – сенімге байланысты «аң стилі» пайда болған. «Аң стилі» өнері мазмұны жағынан тайпалар өмірін, қиялын, аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы бейнелері сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас – тартыстарды, жайлаушылық кездерді білдірді. Олар сақтардың алтын тоғаларында кездеседі. Ертедегі шеберлер көп жағдайда өздерін қоршаған жануарлар дүниесін бейнелеуге тырысқан. Жалпы аң стилінің пайда болуы екі ғылыми болжам бар.
Біріншісін жақтаушылар: «Скиф – сақ тайпалары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған», - деп санайды. Себебі олар б. з. д V ғасырдан бастап өнерлерін тарата бастаған. Ал екінші пікірді жақтаушылар «Бұл ықпал б. з. б. VІ ғасырдың соңғы кезінен бастап өнерлерін тарата бастап, Ахеменидтер кезінде ерекше күшті», - деп дәлелдеуге тырысады, бірақ бірінші пікірді жоққа шығармайды.
Рухани мәдениетті құраушы салалары: әдет – ғұрыптар, зергерлік бұйымдар, салт – дәстүрлер, аң стилі, бейнелеу өнері.
Құрбандық шалу, отқа табыну, безендіру өнері, аң стилі.
3. Жер жүзіндегі халықтардың қайсысында болсын, олардың діни – наным сенімдерінде алғашқы дәуірден сақталып келе жатқан салт – дәстүрлері болады. Алматы қаласының солтүстік – батыс жағында 180 шақырым жердегі Таңбалы таста Күн Құдайы бейнеленген. Мысалы түріктерде отқа табынудың бірден бір мысалы Византия елшісі Земарх түрік қағаны Дизабұлға келгенде, оны жанып тұрған оттың арасынан өткізгеннен кейін қағанның қабылдағанын жазады.
Сонымен қатар жеріміздің Ұлы Жібек жолының бойында жатуы дүниежүзілік діндердің орнығуына мүмкіндік туғызады. VІІІ – ІХ ғасырда жеріміздің оңтүстік және Жетісу аймағында ислам діні тарай бастады.
Дін: наным - сенім, табыну, несториан діні, құрбандық шалу, христиан діні, ислам діні, будда діні, рух.
ІV. Сабақты бекіту сұрақтары:
- Халқымыздың бүгінгі таңда қолданып жүрген қандай үйлер сол кездегі сақ дәуірінен жалғасын тапқан
- Қазіргі уақытта өмірімізден отқа табыну көріністері байқалады?
- Қазіргі уақытта Күн құдай қай фестивальдің символына айналған?
- ҮІІІ – ІХ ғғ. Жеріміздің оңтүстік және Жетісу аймағында ислам діні тарай бастады. Елімізде алғаш Х ғ. Ислам діні деп жариялаған мемлекет қай мемлекет?
- Жерімізде қандай діндер дамыды?
V. Үйге тапсырма беру: § 14. Көшпелілер мәдениеті.
Зерттеу жұмысы: Таңбалытас, Есік обасы, Берел обасы.