- 05 нау. 2024 02:45
- 187
Күнделікті сабақ жоспары, Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.)
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
11. Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.)
12. Ахмет Йасауи хикметтері
13. Жүсіп Баласағұни
14. Махмұт Қашқари
15. Рабғузи
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иасауи (ХІІ ғ.)
Сабақтың мақсаты: а) Ахмет Иасауи туралы түсінігін кеңейту, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар, суреттер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Әл - Фараби кім?
2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).
Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі - Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - - Сайрамда. Ұстазы - Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір кұрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің "Хикметтер" ("Диуани хикмет") кітабында баяндайды.
"Диуан" - жинақ, "хикмет" - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен "Аллалаған", бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы - Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына - қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуға, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.
Кітаппен жұмыс: Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ахмет Йасауи туралы оқып, деректер жинап келу.
Толық нұсқасын қарау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Толық нұсқасын қарау