Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Күнжіт

Күнжіт — күнжіт тұқымдасына жататын бір жылдық не көп жылдық өсімдік туысы. Негізінен Оңтүстік Африкада, Мадагаскар, Сокотра аралдарында, Онтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Солтүстік Австралияның тропиктік, субтропиктік белдемдерінде өсетін 35-ке жуық түрі бар. Екпе түрі — Үнді күнжіті. Биікгігі 1-2 м, сабағы тік, бұтақты, 4-8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке жайылады. Төменгі жапырақтары қысқа, жалпақ, орта тұсындағылары ірі, гүлі ірі, ұзындығы 4 см-ге жетеді. Күлтесі ашық кызғылт, күлгін не ақ. Жемісі 4,5 не 8 қырлы қорапша, ұзындығы 3-5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы төгіледі. Бір қорапшада ұзындығы 2,5-3,5 мм, ені 1,6-2 мм, 80-ге жуық дән болады. Сортына, өсірілген жеріне байланысты вегетациялық кезеңі 80-150 күн. Жарық, жылу сүйгіш өсімдік. 18-20°С-тан жоғары температурада жақсы көктейді. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Дәнінде 45-59% май болады.

Оны тағам, кондитер өндірісі, медицина, техника салалары пайдаланады. Күнжітгің әр гектарынан 1,2-1,5 ц дән алынады.

Оқуға кеңес береміз:

Күнжіт майы

Біз ойлағандай өспейтін өнімдер

Азықтар, дастарханға келердің алдында


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама