Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Күрделі функциялар. Кері функциялар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі10.1 A Функция, қасиеттері және графигі 

Мектеп: М.Мәметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ

   Күні: 20.09.2019

Пән мұғалімі:

Тексерілді: 

Сынып: 10

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақ тақырыбы       №12

Күрделі функциялар. Кері функциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.5.1.7  f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құрастыру;

Сабақтың мақсаты

БО:     - Функция графигі бойынша оның қасиеттерін сипаттайды 

КО:    - Берілген функция графигіне түрлендірулер орындайды

ІО:     - Бөлшек-сызықтық функцияның асимптоталарын анықтап, графигін салады

Жетістік критерийлері

Жетістік критерийлері

  • күрделі функция ұғымын түсінеді 
  • күрделі функцияны табудың алгоритмін біледі; 
  • берілген 2 функция бойынша функциялар композициясынқұрастыра алады.
  • күрделі функцияның мәнін графиктік және аналитикалық тәсілдермен табады; 

қолданбалы есептерді күрделі функция бойынша шығарады.

Тілдікмақсат

Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар

  • берілген график бойынша функцияның қасиеттерін сипаттайды;
  • берілген функцияға кері функция табу алгоритмін түсіндіреді;
  • функциялар композициясын табуды түсіндіріп айта алады; 

функция графигін түрлендіру қалай орындалатынын түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • кері функция;
  • күрделі функция;
  • функцияның бірсарындылығы;
  • функцияның шенелгендігі;
  • функция периодтылығы;
  • функция периоды;
  • функцияның жұп тақтылығы;
  •  функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері;
  • функция графигін түрлендіру;

-функцияның үзіліссіздігі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • бөлшек-сызықты функцияның графигін/ берілген функцияның графигін салу үшін...түрлендірулер орындалады;
  • берілген функцияға кері функция табу үшін … керек;
  • берілген күрделі функция...функцияларынан құралған;
  • егер...шартын қанағаттандыратындай М оң саны бар болса,онда функция шенелгендеп аталады;
  • егер функция қандай да бір аралықтаөсетін (кемитін) болса, онда ол осы аралықта... деп аталады;
  • егер...болса, функция жұп деп аталады;
  • егер ... болса, функция тақ деп аталады;
  • жұп (тақ) функцияның графигі... симметриялы;
  • жұп (тақ) функцияның графигін салу үшін ... керек;

егер ... болса,функция периодты деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады. Сыныптағы құрдастарының ойын тыңдау, қадірлеу. 

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы: Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы білім алуға баулу, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға,     сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталады.Сабақтың адамгершілік аспектісі мыналарды қамтиды: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарау



Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама