Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Күрделі құрылымды теңдеулерді шешу
Сабақтың тақырыбы: Күрделі құрылымды теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құрылымы күрделірек қосу және азайту амалдарымен байланысты теңдеуді құру және оны шығару тәсілін меңгеру;
Дамытушылық: есепті түрлендіруге және салыстыруға, бірдей қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс - әрекеттер мен үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру;
Тәрбиелік: топпен жұмыс істеу арқылы коммуникативтік қарым - қатынасқа, бірлесе отырып ізденуге, өз білімдерін бағалауға үйрену және шығармашылық ізденуін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын
Керекті құрал - жабдықтар: сызбалар, карточкалар, геометриялық фигуралар, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
І. Оқушылардың психологиялық қызығушылығын арттыру.
ІІ. а). Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру
840 850 860 880 890
740 750 760 780 790
640 650 660 680 690
1) оқу,

2) салыстыру: ұқсастығы, айырмашылығы.
10+25 26 - х=13
36>20 x+25=50
99=99 100 - 40=60
28<88 78="" -="">
16 - x=47 - 40 Х+45
? Өрнек, әріпті өрнек, теңдік, теңсіздік, теңдеу.
Талдау. Қайсысы тез орындалады? Қай теңдеу қиын?(ситуация)

ІІІ. Жаңа білім.
1. Күрделі теңдеудің шығарылу жолын табу, талдау, түсіндіру.
2. Теңдеудің мұндай түрін шешу алдымен есептеуге болатындарын орындап, оны жеңілдетіп орындау керек.

ІV. Жаңа білімді қолдану.
1. Топтарға тапсырма.
1т. Х - 57=32 - 12 2т. X - 29=60 - 59 3т. X - 15=20+10
2. Талдау, түсіндіру, өз білімдерін бағалау.

V. Валеопауза.
VІ. Топтар арасындағы жарыс. Танымдық есеп.
1т. Қой 15жыл өмір сүреді, ол қояннан 5жыл артық өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
2т. Қой 15жыл өмір сүреді. Ал қоян одан 5жыл кем өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
3т. Қоян 10 жыл өмір сүреді. Ол қойдан 5жыл кем өмір сүреді. Қой неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
Теңдеу құр, шығар.
Топтардың талдауы, бағалау.

VІІ. Сергіту.
VІІІ. Оқулықпен жұмыс
2 - 127
25+x=41+12
25+x=53
X=53 - 25
X=28
25+28=41+12
53=53

45 - x=100 - 60
45 - x=40
X=45 - 40
X=5
45 - 5=100 - 60
40=40

23+y=88
y=88 - 23
y=65
23+65=88
88=88
т. с. с
3 - 127 бет.
Болғаны - 35 және 10 дәптер
Сатылғаны – 20 дәптер
Қалғаны -? дәптер
Шешуі: (35+10)- 20=25
Жауабы: 25 дәптер қалды

Өз бетімен жұмыс: 4 - 127 бет
ІХ. Сабақты бекіту
6 - 128
А) x+45=79
X=79 - 45
X= 34
34+45=79
79=79

Х. Қорытындылау, бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама