Күзгі баққа саяхат
Ақтөбе қаласындағы
№13 орта мектебі"ММ
биология пәнінің мұғалімі
Шурина Жансая Нұрбергенқызы
№13 орта мектебі"ММ
биология пәнінің мұғалімі
Шурина Жансая Нұрбергенқызы
Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Күзгі табиғатқа арналған картиналар, шарлар, қызыл-жасыл жапырақтар, жеміс – жидектер қойылған дастархан.
Кештің өтілу барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, мектебімізде жаратылыстану - математика апталығы өтіп жатқанын білесіздер, бүгін сол апталықтың жабылу салтанатына байланысты 6 - 8 сыныптар аралығында «Күзгі баққа саяхат»атты кеш өткізгелі отырмыз. Кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
1-жүргізуші:
Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.
2 жүр: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Күзде күн суытып, барлық жан – жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?
1 жүр: Иә, мен бұл мезгілді күз деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялды – дей келе ендігі кезекте бүгінгі «Күзгі баққа саяхат» кешінің 6-8 сыныптар арасынан құралған сайыскер топтарды қошеметтеп қарсы алып, ортаға шақырайық.
2 жүр
Әділқазы, алқасына бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2 жүр: Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, күзгі киіміне, жүріс-тұрысы тәртібіне де қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.
1 жүр: Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.
1.Таныстыру (топ өздерінің топтың атымен эмблемасымен таныстыру) 3мин.5ұпай
2. «Күз кереметі» үй тапсырмасы (жеміс – жидектерден немесе ағаштан, жапырақтан жасалған бұйым немесе бір заттың бейнесі). Бұл кезеңде хан мен ханшайым үй тапсырмасын алып шығып таныстырады. 3мин. 5ұпай
2. «Өнерлінің өрісі кең» (топ ішінен өнер көрсету) өнер байқауы 3мин. 5ұпай
3. «Білімді мыңды жығар!» (Әр топқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады) 3 сұрақтан 2мин. 5ұпай
4. «Кім епті?» (топ ішінен бір адам шығып орындайды) 1 мин ішінде 1 алманы жеп бітіру керек. 5ұпай
2. жүр:
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Ендеше бірінші шартымыз. Үміткер топтар өздерін таныстыруы.
1 жүр: «Күз кереметі» үй тапсырмасы (жеміс – жидектерден немесе ағаштан, жапырақтан жасалған бұйым немесе бір заттың бейнесі). Бұл кезеңде хан мен ханшайым үй тапсырмасын алып шығып таныстырады. 3мин. 5ұпай
2. жүр:
«Өнерлінің өрісі кең» (топ ішінен өнер көрсету) өнер байқауы 3мин. 5ұпай
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.
Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
1. жүр:
Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
2. жүр:
«Білімді мыңды жығар!» (Әр топқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады) 3 сұрақтан 2мин. 5ұпай
Сайыскерлер, білімге қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.
1.жүр:
«Кім епті?» (топ ішінен бір адам шығып орындайды) 1 мин ішінде 1 алманы жеп бітіру керек. 5ұпай
2.жүр: Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша орындауында әнін қабыл алыңыздар.
1 жүр: Құрметті көрермендер «Күзгі баққа саяхат!» мерекесін қорытындылау үшін сөз кезегін Әділ қазылар алқасына береміз.(Жеңілпаз топты марапаттау. Және ең әдемі күз ханшайымы мен ең батыл да ержүрек ханзаданы анықтап марапаттау. Мақтау қағаздарымен сыйлықтармен марапаттау.)
2- жүр:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып сыныптар арасында өткен «Күзгі баққа саяхат!» кеші аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1- жүр: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.
Ақтөбе қаласындағы
№13 орта мектебі"ММ
биология пәнінің мұғалімі
Шурина Жансая Нұрбергенқызы