Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Квадрат теңдеу және оның түрлері
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы,
Ы, Алтынсарин орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Болтекбаева Гуля Сейткалиевна

Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеу және оның түрлері»
тақырыбына жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың квадрат теңдеу және оның түрлері тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, бекіту.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, жұппен, топпен, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Әр оқушының білімділік, ұйымшылдық қабілетін ояту. Өткен тақырыпты оқушы санасына бекіту.
Тәрбиелік: Оқуға саналы көзқарасқа, мақсатына жете білуге, өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, дидактика, тест материалдары, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:
1 - кезең: Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу, оқушылардың, сынып бөлмесінің әзірлігін байқау.

ә) – Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біз «Квадрат теңдеу, оның түрлері» туралы алған білімімізді қайталап, бекітеміз. Сабақ бастамас бұрын өзіміздің
көңіл - күйімізді білейік.

б) Рефлекция:
Берілген суреттердің ішінен сабақтың басындағы өз көңіл - күйімізді көрсететін суретті анықтап, көтерейік.
( әр топқа 3 түрлі смайликтер таратылады)

2 - кезең. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Үйге берілген есептің дұрыс, қате шығарылғандығын топ жетекшілері тексереді.
№ 119, 120, 122

ә) – Жақсы. Енді өткен сабақты еске түсірейік.
- Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атаймыз?
(1) формуланы жазып көрсетейік.

б) «Ұтқыр ойлап, шеш!»
Әр топқа ребус таратылады. Ребустарды шешу арқылы оқушылар қандай квадрат теңдеу түрлері болатынын анықтап, анықтама береді.

в) Есіңе түсір!
- Әр топтан бір - бірден оқушы шығып толымсыз квадрат теңдеу түрлерін және оларды шешу жолдарын (интерактивті тақтаға) жазып көрсетеді.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама