Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Квадраттық функция тарауын қайталау
8 - сыныпта алгебра пәнінен «Квадраттық функция» тарауын аяқтаған соң білім байқауын өткіздім.
Сынып оқушыларын «Ойшылдар», «Тапқырлар», «Зерделілер» деп үш топқа бөлдім. Әр топтың өз ұраны, төсбелгісі белгіленді.

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарау бойынша оқушылардың білімдерін байқау, кеңейту, тиянақтау және толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, өз бетімен жұмыс жасауға қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа және өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім байқауы
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, талдау, есеп шешу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар

Сабақтың құрылымы:
І кезең «Ширату» (Ауызша сұрақтар. Әрбір сұрақ 1 ұпай)
ІІ кезең «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» (Топтық жұмыстар)
ІІІ кезең «Біліміңді байқап көр» (Өзіндік жұмыс: деңгейлік тапсырмалар)
ІV кезең «Білімді мыңды жығар» (а) Топ жетекшілерінің сайысы: Шығарма - шылық жұмыстарды қорғау. ә) Мақалдағы сандар арқылы квадрат теңдеу құру)
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ә) Сабақтың мақсаттарымен, өту әдісін түсіндіру

2. Негізгі бөлім.
І кезең «Ширату» (Ауызша сұрақтар. Әрбір сұрақ 1 ұпай)
Квадраттық функция қандай формуламен беріледі?
Квадраттық функцияның графигі қандай сызық?
Квадрат теңдеудің түбірлерінің болу, болмауы неге байланысты?
Квадрат үшмүше көбейткіштерге қандай формула бойынша жіктеледі?
Квадраттық функцияның графигі қандай сызық?
у=ax^2+bx+c функциясының a>0 болғандағы қасиеттері.
у=ax^2+bx+c функциясының a0 1түбірі бар
D<0 2түбірі="">
D=0 түбірі жоқ
у = - 10х2 функциясының графигіне А(- 2; 40) нүктесі тиісті ме?
А) жоқ
Ә) иә

3. Теңсіздікті шешіңдер:
х2+2х - 15<>
А) (-∞;- 5)
Ә) (- 5; 3)
Б) [- 5; 3]
В) (3;∞)
3) Функцияны зерттеңдер: у = х2 – 7х + 10
а) Параболаның тармағы қалай қарай бағытталған?
ә) Функцияның нөлдері
б) Функция графигінің схемалық кескіні
в) х - тің қандай мәнінде функция оң мәндер қабылдайды?
г) Функцияның өсу аралығы.

ІІІ кезең «Біліміңді байқап көр» (Өзіндік жұмыс: деңгейлік тапсырмалар)
Интерактивті тақтадан слайд арқылы көрсетіледі
І деңгей
Квадрат үшмүшенің дискриминантын тап: 2х2 +3х – 3
Осы квадрат үшмүшенің нөлдерін тап.
у = 2х2 +3х – 3 функциясының графигін пайдаланып, 2х2 +3х – 30)┤
/ І деңгей – 5 ұпай, ІІ деңгей – 10 ұпай, ІІІ деңгей – 15 ұпай/

ІV кезең «Білімді мыңды жығар» (а) Топ жетекшілерінің сайысы: Шығарма - шылық жұмыстарды қорғау. ә) Мақалдағы сандар арқылы квадрат теңдеу құру)
Квадрат теңдеудің тұрмыстағы қолданысы
Модуль таңбасы астындағы функцияның графигін салу
Физика есептерін квадраттық функцияны қолданып шығару
Топ жетекшілері тақтада жауап беруге дайындалғанша сынып оқушылары мақалдағы сандарды түбір ретінде алып, квадрат теңдеу кұрады. Мақал интерактивті тақтада көрсетіледі.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3) Байқаудың қорытындысын шығару. Қазылар алқасы ең көп ұпай жинаған топты анықтайды және ең көп ұпай жинаған оқушыға «Сыныптың үздік математигі» атағы беріледі. Әр оқушы ең кемінде үш жұмыс орындағандық - тан сынып оқушылары алған ұпайларына байланысты түгел бағаланады.
4) Рефлексия
5) Үйге тапсырма: Қайталау. Квадраттық функция туралы ертегі жазып келу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама