Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кинотренинг әдісі пайдалану арқылы шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәні мен мазмұны

Кино-бұл шет тілін оқытудағы ең көрнекі құралдардың бірі. Ол оқушыларды көптеген қажетті материалдармен таныстырады. Оқу кинофильмдерін жасап шығаруға өте көп уақыт және қаржы керек. Ал оны көрсетуде арнайы құрал-жабдықтар қажет. Соңғы кездері көл шектептерде кино аппараттары бар. Сабақтарда шет тіліндегі кинофильмдер жиі көрсетілетін болды. Кинофильмдер қалың пленкалы құрылысты және үнсіз, дауысты болып бөлінеді. Кино көрсетуде 7-8 минут демонстрациялауға, 20-25 минут-кино көрсетуге, 10-15 минут сұхбатқа кетеді. Мұғалім сабақ кезінде өткен тақырыпты еске түсіріп, үй жұмысын тексеріп, содан кейін жаңа сабақты өтеді, қалған 15-минут кинофильм көрсетуге қалады. Үнсіз кинофильмдерді көрсеткенде мұғалім мазмұнын айтып отырады. Кинофильмдерді көріп болғаннан кейін, мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды және кинофильмдерде көрсетілген объектілерді картадан көрсетуді сұрайды. Мұғалім тақырыпқа сай кинофильмдерді дұрыс таңдау үшін, фильмнің мазмұнын жақсы білуі қажет. Мұғалім оқушыларға көрсетуден бұрын фильмді өзі көріп, керек емес жерін алып тастап, қажетті материалды іріктеп алады, қазір теледидарда шет тілін оқытатын (әсәресе ағылшын тілін) телехабарлар өте көп беріледі. Күндізгі уақытқа сай келетін телехабарларды сабақ кезінде көрсетуге болады. Телехабар 12-15 минут арасында болады. Оқу телестафкасы арнайы сценариймен толықтырылып отырады, оған кинофильмдер, суреттер, музейлер, мультфильм, схемалар, сызбалар т.б. кадрлары кіреді. Оқу телехабары өтілгеннен кейін мұғалім оқушыларға сұрақтар береді. Оқушылардан нені түсінгенін айтып беруін сұрайды, өзіндік жұмыс ретінде кейін оқушыларға докладтар, рефераттар, баяндамалар беріледі. Ең пайдалы телехабар бұл «киносаяхатшылар клубы». Онда көптеген сабақтан тыс уақыттағы хабарлар жасалынады. Шет тілі-қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда. Шетел тілін оқытуда мультимедиалық, гипермәтіндік, желілік және коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Кинотренинг әдісін қолдану мәтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс және бейне көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның барлығы өз кезегінде оқыту уәждемелігінің, тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Тәжірибе көрсеткендей, Кинотренинг әдісін қолданудың шет тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, шет тілін оқытуда кинотренинг әдісін қолдану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады: -оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу мүмкіндігіне ие болған оқушыларға тілді үйренуде табиғи ортаны құру; -әр-түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін (көру, тыңдау,сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері; -ақпараттың қолжетімділігі, яғни аз ғана уақыт ішінде бір оқу ақпаратынан келесісіне өту мүмкіндігінің болуы, себебі бағдарламамен жұмыс жасау барысында оқушылар өткен материалдар және тапсырмаларды еске түсірмеуі мүмкін емес; -берілген тапсырмаға берілетін уақыт және мазмұн кеңістігінің шексіздігі: -оқушылар тапсырма орындау қарқынын көріп-таңдап алады, яғни орындау барысында олар кез-келген анықтамалық ақпаратты пайдалануға мысалы, қажетті лексиканы немесе дыбысталудың бағытын дұрыстау секілді әрекеттерге мүмкіндік алу. Кинотренинг әдісін қолдану арқылы шет тілін коммуникативті оқытудың негізгі қағидаларына мыналар жатады: -сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлеріне баса назар аудару; -грамматиканы оқыту кезінде визуалдық құралдарыда пайдалану; -дайын жобаларды емес, оқушылардың өз шығармашылық жобаларын немесе мәтіндерін пайдалануға назар қою; -бағалаудың дәстүрлі жүйесін жою (дұрыс/дұрыс емес), жауаптың бірнеше нұсқалы болу мүмкіндігі; -оқыту үдерісінде шет тілінің көп мөлшерде қолданылуы; -өзара әрекеттестік: оқушы–кино, диафлиьм мен фильм, оқушы-оқушы. Оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау іс-әркеттерінің белсенділігін көтеру, оқытудың әдіс-тәсілдерінің формаларын жаңарту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру кинотренинг әдісін қолдану барысында ерекше назар аударылатын мәселелер болып табылады. Шет тілін меңгеруде кинотренинг әдісін қолдану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалып-тасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шет тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шет тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғаруға болады. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету құралдары, дизайн, көркемдік және бейнелік, т.б шешімдердің үйлесім табуы шет тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушылардың барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілеттерін арттырып, бейнелік қабылдауын, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдау және тануына негіз болатындығын байқауға болады. Мультимедиа оқушылардың берілген ақпаратты қабылдау кезіндегі көру және есту бейнелерін өзара үйлестіріп, салыстырмалы мәнерлігін құрайды. Ал, оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты-«оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына-ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады. Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет. Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралып оқытуға Ақпବ-раттық-коммуникациялық техно¬логияларды пайдаланудың тиімділігі: 1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу). 2. Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды. 3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау. Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақ¬тарында пайдалану нәтижесінде төмен¬дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз. 1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес ком¬пьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу. 2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді. 3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқу¬шылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту. 4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқ󬬬шы¬лар электрондық пошта арқылы хат-хବбар¬¬лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу. Қа¬зақ¬стан Республикасының мемлекетаралық тілі-ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту-тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашы-лық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама