Латын әліпбиіне көшу- рухани тәуелсіздік жолы
"Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады."
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауынан
Тұңғыш елбасымыз 2017 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс - қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай - ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Бұдан бұрын "2006 жылы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек ", - деген еді.
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келді. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырған қазақтың алғашқы фонологі - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол 1895 - 1909 жылдары ауыл мектептерінде бала оқытып жүрген кездерінде оны араб әліпбиінің қазақ сөздерін дұрыс жазуға келгенде үйлесімсіздігін, онда қазақ тілі үшін қажетсіз, яғни қазақ сөздеріне келмейтін дыбыстардың әріптері бар, бірақ қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қажет ерекше дыбыс таңбаларының жоқ екендігі, олардың қажеттілігі ойландырады. Ахмет Байтұрсынұлы қолданыстағы араб графикасын қазақ тілінің фонетикалық қалыбына салып, реформалайды. Қазақ тілі үшін қажеті жоқ артық таңбаларды ығыстырады. Тыныс белгілерінің осы күнгі терминдерін де алғаш ұсынған Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол бұл жобасын "Жазу тәртібі" деген атпен "Айқап" журналына 1912 жылғы 4 - 5 сандарында жариялайды
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1917жылы мамыр айында барлық мектеп жасындағы балаларды еңбекке баули отырып тегін, міндетті оқуға тарту жөніндегі бағдарламасы қабылданды. Осыдан кейін КСРО ның алдында тез арада сауатсыздықты жою мәселесі тұрды. Ол кезде Кеңестер Одағы құрамындағы кейбір халықтар мен шағын этностардың жазу жүйелері толық қалыптаса қоймаған еді. Олардың арасында бірнеше түркі халықтарымен бірге қазақ халқы да болды. Алғашқы кезеңде жазба тілі қалыптаспаған халықтарға латын жазуына негізінде әліпбилер түзу идеясы таралып, сөз бастаса кейіннен КСРО ның құрамындағы барлық түркі халықтарының латиницаға көшуі талап етіле бастады.
Латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме Қазақстанда 1923 жылдың аяғында Мәскеу, Орынбор, Ташкент тәрізді ірі қалаларындағы зиялы азаматтар мен сол жерде білім алып жүрген қазақ жастары тарапынан көтерілді. Олар өз ойларын баспасөзде жариялап, араб жазулы қазақ әліпбиін ауыстыру жөнінде Қазақ - қырғыз білімпаздарының 1924 жылы жазда болған тұңғыш съезінде талқылады.
Ұлт зиялылары латын әрпінің ыңғайлығын насихаттап, өз жобаларын халыққа ұсынды. Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш түзген қазақтың дарынды дипломаты Нәзір Төреқұлов болды. Ол 1924 жылы Мәскеу қаласында "Жаңа әліпби туралы" кітабында өз жобасын ұсынды. Жобада 28 дыбысқа 28 әріп арнаған.
Дәл осы жылы ұстаз, ғалым, алаш қозғалысының қайраткері Халел Досмұхаммедұлы бір дәйекшеден құрылған өз жобасын көрсетеді. Ғалымның бұл жобасы " Ақ жол" газетінде жарияланған.
1927 жылы "Тілші" газетінде ғалым, көрнекті алаш қайраткері Телжан Шонаұлының әліпби жобасы ұснылады. Ол өз жобасында әріптердің бас түрін алмайды.
Үйренуге жеңіл, қолдануға қолайлы болуы үшін қазақ тілі дыбыстарының жуан - жіңішке болып жұп құрауын негізге алған латын әліпбиін Мұхтар Мырзаұлы ұсынады.
1928 жылы Жоғарғы Орталық Комитетінің ұйымдастыруымен Баку қаласында бүкіл түркі тілдес халықтарының әліпби жобаларын сараптауға жиналады.
1929 жылы Қазақ АССР өлкелік атқару комитетінің IV сессиясында латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылданады.
Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни уш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Жаһанда тек төрт қана ұлы тіл бар. Олар: грек тілі (адамзат өркениетінің ұлы тілі), латын тілі( адамзат өркениетінің іні тілі), араб тілі (Қасиетті құран тілі) және көне Түркі тілі (түркі халықтарының Ата тілі). Жоғарыда аталған латын әліпбиі туралы дереккөздерді келтіре отырып, қазақ қоғамына, қазақ халқына латын әліпбиінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Тұңғыш Елбасымыз латын әліпбиіне көшу туралы өз ойларын Жолдауында таратып айтқан болатын. " Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көпұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайданылады деп ойлаймын ". "Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады "- деген болатын.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымызды атап өтті. Біріншіден, тіл тазалығы. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқанда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Үшіншіден, латын әріпіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Латын әрпіне көшу - қазақ халқының алға жылжуына, болашақта еліміздің жан жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әрпіне көше отырып, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін маңыздырақ.
Баяндамамды қорытындылай келе, қазақ тілі жазуының латын әліпбиіне көшуі біріншіден, заман талабы, екіншіден, латын әліпбиі жаһандану үдерісінде өркениетке жол ашып, Түркі әлемімен бірігуге негіз болып отыр. Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы ұлттық мәдениет құндылықтарын жаңғыртып, ұлттық тілінің тарихын, қайнар көздерін іздестіруде. Түркі халықтарын тұрмыс салты мен әдет - ғұрыптар, салт - сана ортақтығы, мәдени, ділдік ұқсастығы да біріктіріп отырғаны күмән тудырмайды.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Байділдаұлы Ә. "Жаңа әліппе туралы" 1928ж
2. Әміржанова Н. "Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының
графикасы мен орфографиясы", 2010ж
3. Н. Ә. Назарбаев Қ. Р. Президентінің "Қазақстан - 2050" Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
4. Хасанова С. "Қазақ жазуы мен оқуының бастаулары". Алматы: 2007
Орындаған: Расул Аружан
Мамандығы: "ЖБ " Химиялық талдау зертханашысы
Курс: 3 - курс
Жетекші: Маханбетова Ляйла Мұратбекқызы
Толық нұсқасын жүктеп алу