- 20 жел. 2025 08:05
- 17
Акерке Мырзагалиева
Ұшақ пен пойызда оқылатын газет: "Almaty aqshamy" ұжымы үлкен жеңіске жетті
Отандық медианарықтағы беделді басылымдардың бірі – "Almaty aqshamy" газеті айтулы жеңіске қол жеткізді. Басылым ұжымы "Қазақстандағы Жыл таңдауы" ұлттық жобасында топ жарып, "Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет" аталымы бойынша үздік деп танылды. Бұл туралы infohub.kz басылмы жазды.
Бұл марапат – тек бір күндік жеңіс емес, жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесі. "Choice of the year in Kazakhstan" байқауының талаптары қатаң: мұнда "Қазақстандағы №1" атағын халықтың сеніміне кірген, сапасы мен беделі жоғары брендтер ғана иелене алады.
37 жылдық тарихы бар басылым үшін бұл – кәсіби деңгейдің тағы бір көрсеткіші. Газет ұжымының айтуынша, бұл жеңіс алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға зор серпін береді.
Бұл марапат қазақ журналистикасы үшін неге маңызды?
Салтанатты шара барысында "Alatau aqparat" медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы бұл жеңістің маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда басылым заман талабына сай үлкен трансформациядан өтіп жатыр.
"Газетіміздің "Мың жасаған шаһардың шамшырағы" деп аталуы тегін емес. Бұл қара шаңырақта қазақтың талай марқасқалары қолтаңбасын қалдырды. Еліміздегі ең таңдаулы байқаудың жүлдесі бізге бұйырғаны – ұжымның ынтымағы мен қажырлы еңбегінің жемісі", – деп атап өтті медиахолдинг басшысы.
Бұл тек редакцияның ғана емес, жалпы қазақ тілді контенттің сапалық жағынан өсіп келе жатқанын көрсетеді.
"Almaty aqshamy" газетін қайдан оқуға болады?
Бүгінде "Almaty aqshamy" – тек алматылықтардың ғана емес, бүкіл республика жұртшылығының сүйікті басылымына айналды. Газеттің таралымы мен қолжетімділігі айтарлықтай кеңейген.
Басылымды қазіргі таңда мына жерлерден оқуға мүмкіндік бар:
-
"Air Astana" әуе компаниясының борттарында;
-
"Тальго" жүрдек пойыздарының барлық бағытында;
-
Ірі қонақ үйлер, мейрамханалар мен кофеханаларда.
Шетелдік қонақтар мен ел тұрғындары үшін газет – ақпарат көзі ғана емес, қазақ руханиятының айнасы іспетті.
-
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қазан айынан бері есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес аясында 10 жедел операция өткізгенін хабарлады.