- 21 жел. 2025 11:39
- 19
infohub.kz
Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың мәйіті табылды
Ақпарат түсе салысымен ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер дереу жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының жедел штабы құрылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Бутаков сарқырамасы ауданынан әйел адамның мәйіті табылды. Кейін мәйітті теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін марқұмның жеке басы түпкілікті анықталады.
Іздеу жұмыстарына барлығы 73 адам, 10 техника бірлігі, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп тартылды.