Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
LEAN-мәдениеті Қазпоштаның сұрыптау орталықтарының тиімділігін арттырды

Lean-жүйесін (Үнемді өндіріс технологиясын) енгізу арқылы өңірлердегі ұлттық пошта операторының пайдалы өндірістік алаңдарының қолданыстағы алаңы 70%-ға кеңейді. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметі жазды.

«Сондай-ақ, пошталық жөнелтілімнің өңдеу уақыты едәуір қысқартылды. Енді ірі хабтарды өңдеу бір тәулік уақытты алады. Ал аймақтық сұрыптау орталықтарында – 24 сағаттан 12 сағатқа дейін төмендеді. Қызметкердің өнімділік тиімділігі екі есе өсті», – делінген порталда.

Қазпоштаның 16 сұрыптау орталықтарында мұндай бизнес-үдерістерді оңтайландыру Трансформация бағдарламасы шеңберінде өткізіледі. Нәтижесінде орталықтардың әртүрлі бөлімдерін орналастыру қайта қаралды. Поштаны сұрыптау операциялары автоматтандырылды. Бұған қоса, тасымалдау азайтылып, шығындар жойылды.

«Шамамен 1500 сұрыптаушылар және пошташылар LEAN-мәдениетін арнайы оқыту әдістеріннен өтті, ал үздік мамандар тәжірибені Ресейде және Германияда өткен болатын», – деп жазылған басылымда.

Бұл жүйенің қызметкерлер үшін пайдасы көп екен. Яғни, олардың үнемділік жүйеге араласуға және Lean-ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беріп жатыр.

LEAN-мәдениет – өндірістік кәсіпорынды басқаруға арналған концепция. Бұл өз кезегінде шығындарды болдырмауға ықпал ететін, жүйелі тәсіл. Сонымен қатар, бизнесті оңтайландыруға және ондағы қызметкерлердің тұтынушыларға сапалы қызмет ұсынуына ықпал етеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама