Лепті сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырату. Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыра білу. Лепті сөйлемдердің әр түрлі көңілмен айтылатынын ұғындыру.
2. Дамытушылық: Көркем жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуда дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушы бойына жарасымды мінез - құлықтың дағдыларын сіңіру, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, спортқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, Венн диаграммасы, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, медаль суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Сақтайық қане, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
3 - жаттығу. 99 - бет.
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Венн диаграммасы арқылы хабарлы және сұраулы сөйлемдерді салыстырады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс (1 - жаттығу)
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Тірек сөздер: гол, топ, қақпашы, футболшы, жанкүйерлер.
- Суретте қандай ойын түрін көріп отырсыңдар?
- Футбол ойынын ойнаушыларды кімдер деп атаймыз?
- Қақпада тұратын ойыншы кім деп аталады?
- Ойыншыларды демеп тұратын көрермендерді кім деп атаймыз?
- Ендеше, балалар, тірек сөздерді қолдана отырып әңгіме құрастырып көрейік.
(Әр қатардан бір оқушы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады).
- Балалар, сендердің құрастырған әңгімелеріңде сөйлемнің қандай түрлері бар?
- Балалар, спорттың қандай пайдасы бар?
(Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын айтып өтеді)
Төзімділік
Денсаулық
Шыдамдылық
Шапшаңдық
Әлем таниды
Ептілік
«Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады» деген ойды аяқта.
- Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады?
Лондон олимпиадасы туралы әңгіме жүргіземін.
Жақында ғана 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда ХХХ жазғы олимпиада ойындары болып өтті. Оған біздің елімізден де спортшылар қатысып, нәтижесінде 7 алтын, бір күміс, 5 қола медальға ие болды.
Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайдтан суреттері көрсетіледі)
Осындай жетістікке жеткенімізге қазақ халқы қандай қуанды десеңізші! Олар сезімдерін қалай жеткізді деп ойлайсыңдар?
- Алға, Қазақстан!
- Алақай, біздің Ильия Ильин Жеңіске жетті!
- Қандай мықты жігіт!
- Міне, жігіт!
- Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылып тұр?
- Ендеше осыдан кейін қандай қорытыныдыға келуге болады? Ереже шығару.
Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіреді (бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран). Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
Оқулықпен жұмыс. «Кел, хоккей ойнайық!» ойыны
Шарты: шайбадағы әрбір тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол саламыз.
285 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
- Рухани азығым -
Осы екеуі деңіз де,-
Дейді атам,
- Білімді еңбекпенен ізде сен! Е. Шайхыұлы
Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді тауып оқы. Өлеңнен леп белгісі бар сөйлемді тап. Осы сөйлемді қандай дауыспен оқыдың? (Тапсырманы орындаған оқушыға деңгейіне қарай медаль беріледі)
Тақтамен жұмыс.. «Эстафета» ойыны
Шарты: тақтаға шыққан оқушы өлеңді мәнерлеп оқып, тақтаға жазады. Лепті сөйлемдерді тауып оқып, сұраққа жауап береді.
Туған өлкем
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ө Тұрманжанов
Сергіту сәті
Біз жазамыз, жазамыз,
Саусағымыз талғанша.
Біз жазамыз, жазамыз,
Бестік баға алғанша.
«Футбол» ойыны 4 - жаттығу
Шарты: Әр доптағы тапсырманы орындай отырып, қақпаға доп соғады. (3 оқушы шығады)
Сөйлемдерді салыстырып оқы. Қай сөйлем көтеріңкі дауыспен оқылады? Лепті сөйлемді көшіріп жаз.
Ауылдан әжем келді. Алақай! Ауылдан әжем келді!
Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайды. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған!
Орман іші тып - тыныш. Орман іші сондай тып - тыныш!
IV Бекіту.
1. Сөйлем дегеніміз не?
А) Сөздерден құралады.
Ә) Тиянақты ойды білдіреді.
Б) Заттың қимылын білдіреді.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
3. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе сөзбен қалай жазылады?
А) бөлек ә) бірге
4. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем деп атайды?
А) сұраулы сөйлем
Ә) лепті сөйлем
Б) хабарлы сөйлем
5. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
Ә) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.
Б) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.
Кілті: 1ә, 2ә, 3а, 4б, 5а.
V. Бағалау. Оқушылар алған медальдары арқылы бағаланады. Бестік алған оқушылардың ата - аналарына қуанышты хабарлама жіберіледі.
VI. Үйге тапсырма беру. 5 - жаттығу. 102 - бет.
Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.