- 05 нау. 2024 03:31
- 168
Lesson Study тәсілі – шағын жинақталған мектеп тәжіибесінде

Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көп мәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу - ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім - біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан - жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр. Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім - біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study - дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Ашық сабақ және Lesson Study
1) Алдымен Lesson Study тобын құрып алу керек. Топ құрамында қанша адамның болатындығын өзіміз шешеміз, алайда дұрысы 3 - 4 мұғалімнен тұрғаны. Олар Lesson Studyдің мақсатына байланысты тек бір пән өкілдерінен (мысалы, математиктерден) немесе осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдерден (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, физика) тұруы мүмкін. Олардың біреуі сабақ жүргізуші болады да, қалғандары бақылаушы болады. 2) Екінші айқындауды талап ететін мәселе: Lesson Study - дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындап аламыз.
Атырау облысы, Исатай ауданы
Қызылүй негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Зоя Губашева Сериккалиевна
Lesson Study тәсілі – шағын жинақталған мектеп тәжіибесінде. жүктеу