- 05 нау. 2024 04:03
- 435
М. Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн»
Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақ тақырыбы: М. Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн»
Жалпы мақсат: Оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу;
Сілтеме:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
3. 6 - сыныпқа арналған оқулығы
4. Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: 1. М. Мақатаев өлеңдерінің табиғатын түсіндіру; тақырыбы мен идеясын ашу; поэзиясының өміршеңдігін таныту.
2. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру; көркем сөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру.
3. Оқушыларды Отанды сүюге, оның құндылықтарын бағалап, қастерлеуге, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу; елім, жерім деп тебіренетін патриот тұлға қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: ақын портреті, кітаптар, үнтаспа, дидактикалық материалдар т. б
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.
ІІІ. Жаңа тақырып
«Нақ сұрақ - дәл жауап» әдісін пайдаланамын.
1. М. Мақатаев қай жерде дүниеге келді?
2. Ақынның қандай өлеңдер жинағы бар?
3. Шәйі, айқара жап, боз көрпе сөздерінің мағынасын айт.
4. «Қайырлы түн» өлеңдеріндегі кейіптеулерді ата.
5. «Қайырлы түн» өлеңіндегі эпитетті ата.
6. Қаратпа сөз дегеніміз не? «Қайырлы түн» өлеңдеріндегі қаратпа сөздерді ата.
1. Қара өлең туралы түсінік беріп кетемін.
Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр бойлаған. Оның үлгілері «Оғызнамада» ІХ ғасыр, Ж. Баласағұнидің «Құдатғу білігінде» ХІ ғасыр, М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат - түркінде» ХІ ғасыр кездеседі.
Қара өлең халық ауыз әдебиетіне жатады. Оның иесі, авторы – халық. Дүниеге келген сәбиді ана бесік жырымен тербетеді. Бала халықтан қара өлеңді тыңдап өседі.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-
деп Абай атамыз айтпақшы, адам баласын өмірге келгенде бесік жырымен қарсы алсақ, дүниеден өтерде жоқтау айтып шығарып саламыз. Ендеше, өміріміздің бәрі өлеңге құрылған екен.
2. Ұйқас - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі.
Қара өлең ұйқасының үлгісі мынадай: ааба
Өлеңді мәнерлеп оқу. 1 - оқушы оқиды.
3. - Балалар, енді біз осы өлеңді талдайық.
1. Өлеңнің идеясын анықтау.
2. Өлең өлшеміне талдау.
3. Көркемдегіш құралдарды тап.
Идеясы: қазақтың сөз өнеріне, өлеңге қойған талаптары туралы айтылады.
«Түйінді сөздер» стратегиясы. Оқушылар әр шумақты мазмұнына қарай қысқаша түйіндеп қорытындылайды.
1 - шумақ қара өлеңнің құдіреттілігі
2 - шумақ қазақтың өзіндей қарапайым
3 - шумақ ақын - өлеңнің жанашыры
4 - шумақ халық алдында ізетті, кішіпейіл
Өлең 11 буыннан, 16 тармақтан тұрады. 3 - бунақ бар, қара өлең ұйқасына құрылған.
- Ұйқастың тағы қандай түрлері бар?
4. Сөздікпен жұмыс
Күпі – матамен тысталған, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім.
Көген – ұсақ төлді тізіп байлап қоюға арналған жүн арқан.
Желі – ірі қара малдың төлін байлауға арналып, қазыққа берік керілген қайыс қыл не кендір арқан.
2 - өлеңі мәнерлеп оқылады. Идеясы сұралады. Өлең өлшеміне талданады.
Идеясы: ақынның Отанына, еліне деген ыстық ықыласы, сүйіспеншілігі айтылады. Ақын өз елі, халқы тұрғанда бақытты сезінетінін өлеңнің өн бойында паш етеді.
Мұғалім: А. Сагидуллина
М. Мақатаев «Қара өлең», «Қайырлы түн» жүктеу