Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
М. Хакімжанова «Отан» Б. Ысқақов «Отан»
Ана тілі (1 - сынып)
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова «Отан» Б. Ысқақов «Отан»

Сабақтың мақсаты: 1. «Отан» өлеңімен таныстыра отырып, «Тәуелсіздік күні» туралы түсінік беру.
2. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
3. Отанын сүюге, өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: графопроектор, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Әдепті елдің баласы,
Алдымен сәлем береді.
Күндей күлімдеп,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, сендер әріптердің бәрімен таныс болдыңдар. Енді осы дыбыстар нешеге бөлінеді? (2; дауысты, дауыссыз). Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан - жіңішке). Осы дауыстылардың ішінде жуан - жіңішке жұп дауыстылар қайсылар?
( а - ә, о - ө, ы - і, ұ - ү)
Онда мына сөздерді салыстырып жіберейік.
I – қатар II – қатар III - қатар
сан - сән бол - бөл тыс - тіс
бары - бәрі сұр - сүр ұн - үн
Не байқадық?
Ал енді дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Олай болса дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды салыстырып көрейік.
Мына сөздерді оқимыз.
I – қатар II – қатар III - қатар
шелек - шелегі тарақ - тарағы тап - табу
төк - төгу бақ - бағу шап - шабу
Не байқадық?
Сөз соңындағы к, қ, п дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г, ғ, б - ға айналады.
Олай болса балалар, осы әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуын не дейміз?
(Алфавит)
Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Балалар, осы қазақ алфавитінде қазақтың төл әріптері бар. Олар мыналар: ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ. Бұлар орыс алфавитінде жоқ.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.
- Дұрыс айтасыңдар. Яғни, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз, біздің еліміз қалай аталады?
- Біз қандай елміз? Тәуелсіз.
- Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Егемен, азат, еркін ел.
Олай болса, қазір сөзжұмбақ шешіп жіберейік. Сөзжұмбақты шеше отырып, биыл біздің тәуелсіздігімізге неше жыл толады екен, соны табамыз.
Суреттерді көрсете отырып, шешу. (слайдтан суреттер шығару)
(жаз, тиін, ыдыс, ара, алма, аю) Ерекше тордан «жиырма» деген сөз шығады.
Суреттегі нәрсенің атын атау. Тақтада ілулі тұрған сөзжұмбақты маркермен толтыру.
Ерекше тордан қандай сөз шықты? Сонымен биыл тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толады екен. Жиырма деген - сан.
- Неше таңбалы сан? Екі ондық.
- Қандай цифрдан тұрады? 2 мен 0.
Ал енді осы тәуелсіздігімізді қай күні мерекелеп, атап өтеміз екен, білеміз бе?
Айтулы күніміз де жақындап қалды.
Олай болса балалар, біз бүгін осы мерекеге байланысты бір емес екі өлеңмен, «Отан» деген өлеңдермен танысамыз. Оқулыққа назар аударайық (114 бет).
Отанына жыр арнамаған, өлең жазбаған ақын жоқ. Суретші суретпен жеткізсе, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізеді. Ендеше бүгінгі сабақта М. Хакімжанова мен Б. Ысқақовтың «Отан» атты өлеңдерімен таныс боласыңдар.
(Авторлар туралы мағлұмат) слайдта

I – ші өлеңді оқу.
Балалар, бұл бір шумақ өлең, 4 тармақтан тұрады.
Өлеңді талдау. (слайдпен)
- Отан дегеніміз не екен?
- Отан дегеніміз – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз. Отан бізге қуат, нәр береді екен. Нәрді біз қайдан аламыз? Жерден аламыз.
Нәр татпады, нәр ішпеді деген тіркес бар. Бұл жерде «нәр» деген сөз - тамақ, ас, қорек дегенді білдіреді.

Балалар, енді екінші өлеңді тыңдайық. (жазбаны тыңдату)
Бұл өлең неше шумақ, неше тармақ?
Өлеңнің әр бөлігін шумақ дейміз. Шумақ - өлеңнің әр тақтасы аяқталған синтаксистік ой. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз.

Өлеңді талдау.
1 - ші шумақта Отан деген ұғымға алдымен отбасың, ата - анаң, дос, бауырың, туған жерің, тұратын мекенің кіреді.
- Балалар, біздің қаламыз қалай аталады? Жаңаөзен. Сендер үшін Отан деген ұғым осы Жаңаөзен қаласынан басталады.
2 - ші шумақта Отан деген ұғымға – қазақ халқы, өлеңі, жыры, өткен тарихы кіреді екен.
Ал 3 - ші шумақта осының бәрін, Отанды сүюге шақырады.

Сөздік жұмыс:
Қуат - күш, әл, дәрмен
Нәр – қорек, ас
Ұран – үндеу, шақыру, дабыл
Өлке – аймақ, өңір, атырап
Тарих – еліміздің дамуы жолындағы оқиғалар
Даңқ – абырой, атақ
Оқулықпен жұмыс:
Тармақтап оқу ( екінші өлеңді жалғастырып оқи береді).
Әр қатарға хормен шумақтап оқыту. 3 - 4 оқушыға мәнерлеп оқыту.

Дәптермен жұмыс: Ережені айтып өту.
Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Соны дәптерімізге жазып шығайық, бір - бір сөзбен (жеке сөздермен).
Венн диаграммасы:
(2 өлеңді салыстыру)

Сергіту сәті: « Жүзден жүйрік» әні
Ия балалар, батыр болған бабаларымыз көп. Осындай кең байтақ, ұзақ тарихы бар, аса бай, бүкіл әлемге танымал, тәуелсіз елде туылудың өзі бақыт. Біз батыр аға – апаларымыздың арқасында осы күнге жеттік, осындай бақытқа ие болдық. Тәуелсіздік жолында қаншама тер төгілді, қаншама адам қыршыннан қиылды. Балалар, міне қараңдаршы, Желтоқсан оқиғасының құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова секілді батыр да намысшыл аға – апаларымыз тәуелсіздік үшін өз өмірлерін құрбан етті.
Елін, жерін қорғаған батырларымыз көп. Отан қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түскен мына суреттегі батыр атамыз кім екен?
Бауыржан Момышұлы

Олай болса Бауыржан атамыздың өсиетін оқып жіберейік.
Ол үшін мен көрсеткен бағытпен жүріп отырып, оқимыз.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Тағы қандай Отан, туған ел, туған жер туралы мақал - мәтелдер білесіңдер?
Сабақты қорытындылау:
Сонымен балалар бүгінгі сабақта қандай өлеңдермен таныс болдыңдар?

Отан дегеніміз не екен, топтастырайықшы.
өлең
ата - ана
ауыл
ел
аудан
ұран
дос
тіл
бауыр
тарих
қуат
жер
су
ту

Бағалау:
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, түсініп оқу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама