Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Мажорлардың заманы өтті»: Депутат Бақытжан Базарбек ішкі істер органдарын тазартуға шақырды

Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасынан кейін құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалау қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнес өкілдерінің балаларына жасалатын жеңілдіктер мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтіруде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Алматы көшелерінде қымбат спорттық көліктердің емін-еркін жүріп, иелерінің жауапкершіліктен қашып құтылуы – жүйелі мәселеге айналғанын айтты. Базарбек бұл жағдайды тек Алматымен шектелмей, бүкіл республика бойынша тексеру қажеттігін алға тартты.

Ішкі істер органдарында ауқымды тазарту қажет

Бақытжан Базарбек лауазымды тұлғалардың балаларына қатысты жағдайды сынға алып, мұндай «мажориктік» жағдай тек Алматыда емес, басқа аймақтарда да бар екенін атап өтті. Ол ішкі істер органдарында ауқымды тазарту жүргізу қажеттігін алға тартты. Депутат заң алдында барлық азаматтың теңдігі іс жүзінде дәлелденуі тиіс екенін қадап айтты.

«Мажорлардың заманы өтті»

Мәжілісмен қоғамдағы ескі түсініктер мен артықшылықтардың уақыты өткенін айтты. Ол Әл-Фараби даңғылындағы элиталық көліктердің жылдамдығы мен жауапкершілікке тартылмауына назар аударып, «90-жылдардағыдай «мажорлардың» заманы өтті» деген пікірін білдірді. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, құзырлы органдардан нақты іс-қимыл күтілуде.

Жаңалықтар

Жарнама