Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Макрон Ормуз бұғазын дереу босатуға шақырды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ормуз бұғазындағы блокаданы дереу және ешбір талапсыз алып тастауға шақырды. Бұл туралы француз көшбасшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Барлық тараптар бұғазды дереу және ешбір талапсыз босатуы керек. Бұғаздағы кеме қатынасының толық еркіндігіне, соғысқа дейінгі жағдайға қайта оралуы өте маңызды», - деп жазды Макрон.

Оның айтуынша, Франция мен Ұлыбритания құрған көпұлттық миссия кеме иелері мен сақтандырушылар арасында сенімді қалпына келтіруге көмектеседі.

Француз көшбасшысы бұл аймақтағы жағдайдың тұрақталатыны ядролық мәселелер, баллистикалық зымырандар және аймақтық жағдай бойынша келіссөздерді алға жылжытуға септігін тигізетінін атап өтті.

Француз қарулы күштерінің хабарлауынша, француз авиатасығыш соққы тобы Ормуз бұғазына қатысты франко-британдық жоспар бойынша ықтимал миссияға дайындық аясында Суэц каналының оңтүстігіне, Қызыл теңізге бет алды.

«Бұл біздің дайын екенімізді ғана емес, Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынымызды да көрсетеді», - деді Елисей сарайы.

«Шарль де Голль» авиатасығышында шамамен 20 Rafale типті жойғыш ұшақ бар және ол бірнеше фрегатпен бірге жүріп келеді.

Жаңалықтар

Жарнама