- 15 қаң. 2020 00:00
- 237
Мал таңдау
Тағы бір жылы аңқау соғымға жылқы алғалы базарға барады. Көп жылқының ішінен, бір өркеші жоқ түйедей, қара бие аңқауға семіз де, толық та көрінеді.
Сол жерден малды жете танитын баяғы айлакер досы да кездесе кетеді.
— Ау, достым! Жақсы кездестің-ау. Бұл жолы жолым болады екен. Мал танымаушы едім ғой. Мына бір қара биені алғалы тұр едім. Осыны жақсылап көріп берші, — дейді аңқау.
— Иә, мұны ойланбай-ақ ала бер. Өзің де мал танып қалыпсың ғой. Семіз, нән семіз, — дейді айлакер жымыңдап.
Оның сөзіне қатықтай ұйыған, ақкөңіл аңқау қуанып кетеді. Жалма-жан базардан ала жөнеліп, үйіне әкеліп жығып та жібереді. Қара биені сойып қараса әрі бес айлық құлыны бар буаз, әрі лақса кәрі, өте арық болып шығады.