Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 28 нау. 2026 00:31
- 32
«Мамам мен папам үйде, төсекте…»: Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл жұртты күлкіге қарық қылды
Танымал әнші Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл Қайратұлының жастар кешіндегі жауабы көпшіліктің езуін жидырды. Ол өзіне қойылған сұраққа шынайы жауап беремін деп, жұртты күлкіге қарық қылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нарұл Қайратұлы «Скитлс» тобының концертінде блогердің сұрақтарына жауап беріп отырған. Ол өзіне ұнайтын әртістер туралы айтып, анасы мен әкесінің қайда екені сұралғанда, «Мамам мен папам үйде, Астанада, үйде, төсекте», деп жауап берген. Блогер қайталап сұрағанда да, Нарұл «Мамам мен папам үйде, төсекте» деп жауабын нақтылаған.
Бұған қоса, Нарұлдың Астанада сүйген қызы барын, бірақ атын құпия ұстайтынын айтқаны да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Жұрт Нарұлдың бұл жауабына «соңғы көргенін айта салды», «демалып жатыр дегенді жеткізе алмады», «Қайрат сияқты аңғал өзі» деп пікір білдіріп, күліп алды.