Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мақал - мәтелдер
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;
2) Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіру;
3) ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, іздендіру, ой қорғау, ассосация, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақтың мақал - мәтелдері», «7777 мақал мен мәтелдер» кітаптары, үлестірмелі кеспелер, Абайдың нақыл сөздері, Абайдың, Б. Момышұлының суреттері.

Пән аралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану пәні
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу;
2) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Сынып оқушыларын ІІ топқа бөлу:
І топ Алғырлар
ІІ топ Білгірлер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Тұрақты тіркестер, 123 - жаттығу

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Өтілген тақырыпты сұрақ - жауап әдісі арқылы бекіту
ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Ой қозғау
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
- Балалар, мына берілген сөздер тобын не дейміз?
- Ендеше балалар, мақал мен мәтелдің не екенін еске түсірейікші

І - топ ІІ - топ
Тұрақты тіркестер сияқты мақал - мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал - мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал - мәтелдер де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді

Мақал - тәрбиелік мәні бар, ақыл - нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Осылайша мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, бірінші бөлімде шарт немесе себеп - салдары, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.
Мәтел - ой - пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.
Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді
Мақал - мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтеді әрі ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
Мақал
Ұқсастығы
Мәтел

Оқулықпен жұмыс
Тақтада бір топ суреттер ілінген. Сабақта жақсы бағаға ие болып, мақсатымызға жету үшін алдағы бір топ кедергілерден аман өту керек. Жолдағы кедергілер:
Терең ор, көл, өзен, ну орман, тау.

1) «Терең ор» кедергісінің тапсырмасы:
125 - жаттығуды орындау (жазбаша, ауызша)
2) «Көл» кедергісінің тапсырмасы:
126 - жаттығуды орындау ( тақтаға, дәптерге жазу)
3) «Өзен» кедергісінің тапсырмасы:
127 - жаттығуды орындау (жазбаша)

І топ ------------------------------------------ ІІ топ
Мәтелдерді теріп жазу ----------------- Мақалдарды теріп жазу

4) «Ну орман» кедергісінің тапсырмасы:
128 - жаттығуды орындау (ауызша)
5) «Тау» кедергісінің тапсырмасы:
130 - жаттығуды орындау (ауызша)

1) Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
2) Отан үшін отқа түс - күймейсің.
3) Еңкейгенге еңкей -
Басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға шалқай -
Төбең көкке жеткенше.
4) Отбасы толған жансың,
Бір - біріңе мейман жансың.
5) Үлкенді сыйласаң - қадірлі боласың,
Кішіні сыйласаң - құрметті боласың.
6) Ағасы бардың - жағасы бар,
Інісі бардың - тынысы бар.

VІ. Жаңа сабақты бекіту
«Шаттық шеңберін» құрып бір - бірімізге тілек тілейік.
1. мақал дегеніміз не?
2. Мәтел дегеніміз не?
3. Айырмашылығын атаңдар?

VІІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру: Мақал - мәтелдер жазып келу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама