Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақсаты:
1. Білім алушылардың мақал - мәтелдер, жұмбақтар туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету. Мақал - мәтелдер, жұмбақтар тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру.
2. Алғырлығы мен аңғарымпаздық, тез шешім қабылдай білу, ойлау қабілетін арттыру.
3. Ата мұраны құрмет тұтуға, өз пікірін мақал - мәтелмен көркемдеп жеткізіп, ойын түйіндеп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: білім - білік, дағдыны арттыру
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ - жауап, ойын, талдау.
Көрнекілігі: тақта, слайдтар, тақырыптық кестелер, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Әдіс - тәсілдер: пікір бөлісу, талдау, сұрақ - жауап, іздендіру т. б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Білім алушыларды түгендеу.
2. Білім алушылардың сабаққа психологиялық дайындау.
II Үй тапсырмасын тексеру өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабаққа бағыттау.
Ой қозғау:
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
3. Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
4. Мақал - мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?
- Кәне, бәріміз тақтаға зер саламыз.
Мақал - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайды, яғни айтар ой түсінікті болады. Мәтелдерде ой - пікір бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады, яғни оны оқығанда бірден түсіне қоймайсың, әбден ойланып, тұжырым жасайсың.
Мақал - мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама