Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Мақпал Жүнісова: «60-тан асқан соң шалдар сөйлей бастады»

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің мерекелік концертінде көпшілікті әнімен ғана емес, тапқыр әзілімен де баурап алды. Өнер иесі жасы 60-тан асқанда өзіне деген қызығушылықтың артқанын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасым келді, несін жасырайын

Әншінің айтуынша, 60 жасқа дейін ешкім жақындамағанымен, 62-ден асқаннан кейін «шалдар сөйлей бастапты». «Тыныш жүріңдер, құрысын. Беретін ештеңем жоқ, кәрімін. Бізде өлең айту ғана қалды. Немере бағып өлең айту, кейде осылай қалжыңдасу ғана біздікі», – деп әзілдеген әншінің сөзі желіде қызу талқыға түсті.

Жанкүйерлер ризашылығын білдірді

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың әзілін жоғары бағалап, оның ақкөңілділігі мен мейірімділігін мақтап жатты. «Не айтса да жарасады», «Сондай керемет, ақкөңіл жансыз, аман болыңыз», «Мейірімі жүзінен шашылып тұр. Ғұмырлы болыңыз», – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Жаңалықтар

Жарнама