Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мақтаншақ бай

Ыбырай Алтынсарин халық мектебін ашуға елден қаражат жинап жүрген кезінде бір мақтаншақ байдың үйіне кірмей, өтіп кетеді. Бай оның артынан қуып жетіп:

— Шырақ, біздің үйге неге кірмедің? Немене, мені он бес тиын бермейді деп ойлайсың ба? — дейді.

Сонда Ыбырай:

— Сіздің бүгін он бес тиын беріп, ертең мен жоқ жерде он бес сом бердім деп халыққа өтірік айтып, мақтанатын әдетіңізден қорқып, кірмей кеттім, — деп жүре беріпті.
 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама