Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Масса және күш» қорытынды
«Масса және күш» тарауын қорытындылау
1. Білімділік: «Масса және күш»тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау. Алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу және есептер шығару дағдысы мен қабілеттерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген ғылыми көзқарасын және ой - өрісін дамыта отырып, физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Ғылыми дүниетанымын, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту, бағалау сабағы.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақ әдісі: ауызша, жазбаша жауап алу, жекелей, топтық жұмыс, ойын, тест, деңгейленген тапсырма, тәжірибе жасау.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: физикалық домино, плакаттар, сызба, жауап парағы, деңгейленген есептер, сөзжұмбақ мәтіндері, штатив, серіппе, гірлер, денелер, білеуше, жүктер, таразы.
Пән аралық байланыс: биология, қазақ тілі, технология.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:(тексеру, түгендеу, топтарға бөлу, сабақ мақсатын айту, зейіндерін сабаққа аудару)

І бөлім. “Нені білдім?”
ІІ бөлім. “Нені үйрендім?”
ІІІ бөлім. “Нені жасай аламын?”
IV бөлім. “Сергіту сәті”
V бөлім. “Сөзжұмбақ шешу”
VI бөлм. “Логикалық есептер”
VII бөлім. “Үйге тапсырма”
VIII бөлім. “Қорытындылау”

«Бақытты сәт». Әр ұяшықтағы ұпайлардың астына деңгейленген сұрақтар жасырылған. Әр топ мүшелері өз қалауынша 5 сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап фишкамен бағаланып, оқушыға беріліп отырылады.
Кімге ұпайдың астына жасырылған «Бақытты сәт»түседі, ол жауап берместен, сол ұпайды алады. 50 ұпайлық сұрақ «5»- тік, 40 ұпайлық сұрақ «4»- тік, 30 ұпайлық сұрақ «3»- тік бағаға сәйкес келеді.

І бөлім. “Нені білдім?”
1. Күштің белгіленуі және өлшем бірлігі.
2. Деформация дегеніміз не?
3. Денеге әрекет ететін екі күш бір жаққа бағытталса, тең әрекетті күшті қалай табамыз?
4. Салмақ дегеніміз не?
5. Үйкеліс күшінің формуласын жаз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама