Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным
Бөлім: Матеметика
Математика әлеміне саяхат
Міндеттері:
- Балаларға 1 - 5 дейінгі сандар туралы білімін бекіту
- Ойлау қабілетін дамыту, заттардың санын салыстыра отырып, білімін бекіту
- Заттардың үлкен - кішілігіне қарай ажыратуға үйрету
- Геометриялық пішіндер туралы ұғымын бекіту
- Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту
Қажетті заттар: Геометриялық пішіндер, әр түрлі кубиктер, үнтаспа, түрлі - түсті материалдар, қарындаштар
Алдын - ала жасалатын жұмыстар: геометриялық пішіндерді ажырата алу, ойын ойнау «Дұрыс тап»
Билингвалды сыңары:
Домалақ - круглый, үшбұрыш - триугольник
Әлеуметтік инклюзия: Сәбит - өте белсенді, Айнұр - баяу

Әрекеттер кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Дәлелді түрткі болатын Күтілмеген сәт жасау «Математика әлеміне» келеді, шаттық шеңбер жасайды (музыкамен кіреді). Музыканың әуенімен келіп, балалар шаттық шеңберін жасап көңілдерін көтереді
Ұйымдастыру - іздестіруші Балаларды жапсырма орындауға шақыру.
1. Санды ретімен санауға
2. Санды сызық арқылы дұрыс сызуға
3. Нүкте арқылы ажырата алып, тапсырманы аяқтау

Домалақ қонаққа келеді
Балалардың қызығушылығын артыру мақсатында 12 балаға 12 түрлі пішін ортада тұрады
Музыка ойнайды, балалар пішінді алады
Пішін туралы мағлұмат береді
Алған пішіндерден неше түрлі заттар жасайды
Домалақ пішіндер таратады балалар үш топқа бөлінеді
Үшбұрыштар монтессори орталығына барады
Төртбұрыш өрнек салу орталығына барады
Домалақтар нүктелер орталығына барады
Бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, қарым - қатынасқа түседі
Балалар қуана орындайды
Балалар арнайы фишкаларды өз еріктерімен таңдап алып, ұйымдастырылған орталықтардан орын алады

Балалар шарт бойынша домалақтың тапсырмасын орындайды
Кері байланыс Сергіту сәті, би тамаша
Балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп, түсініктеме береді. Ойнаған ойындары жайлы ойларын ортаға салуды өтінеді
Өз ойларын қорытындылайды

Күтілетін нәтиже:
Не білуі: геометриялық пішіндерді ажырата алады
Не меңгерді: 1 - 5 дейінгі заттарды салыстыруды меңгерді, үлкен - кіші ұғымдарды меңгереді
Не істей алады: Математикалық пішіндерден заттарды құрастыра алады, затқа талдау жасайды

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама