Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Математика, физика және лирика
«Математика, физика және лирика»
Қорытынды кеш
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, математика, физика пәндеріне қызығушылығын арттыру, берік білім негізін қалау.
- Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеруін шашайық,
Мұнда қызық тағы бар
Жаңылтпаш, жұмбақ тағы бар,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
- Математика – бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін,
Айдынында сүңгіп – сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың,
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа,
Зула, топ жар! Бәйгеге түс бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма.
- Математика – ғылым негізі,
Математика - білім көзі.
Математиканы білгендерге,
Ғажайыптың бір өзі,
Кешке қатыс тұрып қалмай,
Қиындыққа мойымай,
Бұл ілімді білсең егер,
Биіктейсің, сен самғай.
- Сандардың біз сырына үңілеміз.
Үйренбеген достардан түңілеміз,- дей келе «Математика әніне» кезек береміз.
«Ананың тілі» әнінің әуенімен
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім,
Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына анық үңіліп көрсек,
Қайырмасы:
Математика – бар ілімнің басы,
Математика – ғылым патшасы,
Математика – өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі
Сенсіз дүниеге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз,
Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.
Қайырмасы:
- Орта ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Әл - Фараби өзінің «Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегінде музыка ол – физика, математика және медицина деп атап көрсеткен. Физикадағы тербелістер математикадағы шектің өзгерісі, медицинада жүректің, өкпенің тербелістері бірдей екен.
- Шығыстың ұлы ғұламасы энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл – Фараби музыканың дыбыс периодты тербеліс арқылы пайда болатындықтан, оны математикалық теңдеу арқылы анықтауға болады. Мысалы шектің ұзындығы мен амплитудасының арасындағы математикалық байланысты бірінші рет Эйлер ашқан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама