Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Математикадан сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу 6 сынып (слайдымен)
2. Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару 6 сынып
3. Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу 11 сынып

Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға функцияның графигі бойынша формуласын жазуды, сызықтық функцияның графигін салу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту,
өз бетінше үйренуге баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Математикалық сауаттылыққа, шыдамдылыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Cаяхат сабағы
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой - толғаныс, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1). Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
2) Сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 1330, сұрақ-жауап.
Өткен сабақты еске түсіру:
Сұрақтар: 1. Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі? Мысал келтіріңдер.
2. у=kx функциясының графигі қандай сызық?
3. y=l функциясы қалай аталады?
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: " Білім " әлемінде " Жағалау" бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.
Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.
Біз бір - бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!
Ендеше балалар көңіл - күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?
• Жорық қағазын көріп алайық.

ІІІ. Біліктілік кезеңі. Функция у=3x - 4 формуласымен берілген х=- 2 болғандағы функция мәні неге тең?
у(- 2)=3*(- 2)- 4=- 10
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз: 1 3 2
у=kx+2 функциясының графигі А(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. k - ның мәнін табыңдар.
у=3x+n функциясының графигі А(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. n - ның мәнін табыңдар
у=kx - 6 функциясының графигі А(1;- 3) нүктесі арқылы өтеді. k - ның мәнін табыңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама