Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Математиканың даму тарихы

Философия және саясаттану факультетінің профессоры, доцент  Жанатаев Данат Жанатайұлы
Қарасай Нұрбибі  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты

Математика – ғылымдардың патшасы деп бекер айтылмаған. Барша ғылыммен астасып жататын математика ақиқат дүниенің сандық қатынастарығ кеңістіктегі түрлі пішіндер хақындағы ілім. Оның дамуын шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады. 1.Білім дағдыларын қолдану, жинақтау дәуірі. Ол сонау ерке кезден б.з.б. 7-6 ғасырларға дейін созылады. Аталмыш кезеңде адамзаттың өмір тәжірибесімен тығыз байланысты болып, солардың жасаған тәжірибесіне тәуелді болды, жасаған қорытындыларынан шыққан ережелерге сүйенді. 2-кезең математиканың өзінше бөлек енші алып, жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Мұнда көбінесе, сандар, скамярлық шамалар және қарапайым геометриялық фигуралар қарастырылды. Математиканың зерттейтін шамалары тұрақты (ұзындық, көлем, аудан) тұрақты болды.  Осы кезеңде арифметика, горметрия, тригонометрия, алгебра және математикалық анализдің кейбір элементтері пайда болып, айрықша теория пән ретінде қалыптасты.

Математика күнделікті өмірде, сауда саласында, жер өлшеуде, архитектурада, астрономияда қолданыла бастады. Бұл дәуірді элементтер математикасы, тұрақты шамалар математикасы деп те атады. Ол 12 000 жылға жуық созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталды. 3-кезең жоғарғы математиканың қалыптасу кезеңі. Математика, анализ, гоеметрияның пайда болған кезеңі. ХVІІ- ХVІІІ ғасырдағы жаратылыстану мен техниканың жылдам дами бастауы математикаға қозғалыс пен тұрақсыздық идеяларын айнымалы шамалар және олрдың арасындағы функционалдық тәуелдік түрде енгізу қажеттілігін туғызды. Нәтижесінде математиканың аналитикалық геометрия, диференциалдық және интегрициалдық есептеулер, т.б. салалары пайда болып диференциалдық теңдеулер теориясы мен диференциялдық геометрия дами бастады. Бұл ХVІІ ғасырда басталып ХІХ ғасырдың 2 жартысына дейін созылды.  ХІХ-ХХ ғасырда кәдімгі шамалар мен қазіргі  алгебрада зерттелетін нысандардың  тек дербес мысалдары болып қалды. Геометрия Эвклид кеңістігі дербес  түрі болатын «кеңістіктерді» зерттеуге көшті. Н.И.Лобачевскийдің Евклид емес геометрия жүйесін ашуы -  бұл бағыттағы алғашқы қадам болып саналды. Нақты және жорамал санды функциялар, жиындар, ықтималдықтар  және топтар  теориялары, проективтік  және Евклидтік емес геометрия, математика, логика, векторлық анализ, функционалдық анализ, т.б.

Математиканың бұрын болмаған жаңа салалары дами бастады. Математиканың келесі даму сатысы – қазіргі кезең. Есептердің жауаптарын сандық түрде беру үшін 19-20 ғасырда сандық әдістер негізінде математиканың жеке тарауы - есептеу математикасы пайда болды. Көптеген есептердің күрделі сандық шешімдерін ықшамдау және тездетіп шығару үшін  электрондық есептеу машиналары, компьютерлер жасалына бастады. Математика кез құлаш жая бастады. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды. 20 ғасырдың  50-жылдарынан бастап математика  ғылымының автоматтар және тиімді басқару  теориясы, ойындар теориясы, алгебра, геомертия, ақпараттар теорияс, математикалық экономика, т.б. көптеген жаңа салалары пайда болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама