Photo: Santiago López (https://www.pexels.com/@santiago-lopez-231601510) / Pexels
- 03 сәу. 2026 22:30
- 32
Мексикада ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты
Мексиканың Пуэбла штатында ауыр оқиға болды. Жеңіл моторлы Cessna 172 ұшағы Сердан бауырлар атындағы халықаралық әуежайдан ұшып шыққаннан кейін бірнеше минут ішінде апатқа ұшырап, төрт адамның өмірін қиды. Оқиға 2 сәуірде Санта-Ана-Хальмимильюлько ауданында болған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұшақ неге құлады?
Ұшақ Поса-Рикаға бет алған, бірақ ұшып кеткеннен кейін өнеркәсіптік парк маңындағы далаға құлаған. Алғашқы ақпарат бойынша, бортта болған төрт адамның үшеуі оқиға орнында көз жұмса, қалған біреуі ауруханада қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде апат сәті бейнеленген видео тарап, онда ұшақтың биіктігін жоғалтып, жерге құлап бара жатқаны көрінеді.
Тергеу басталды
Федералдық азаматтық авиация агенттігінің мәліметінше, ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай диспетчерлермен байланысын үзіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, ұшқыш ұшақты басқаруға тырысқанымен, мүм болмаған. Апаттың нақты себебі әлі анықталмаған, бірақ федералдық авиация қызметтері тергеуді бастады.